6 сынып. 4-тоқсан. №1. Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»



бет1/3
Дата03.05.2023
өлшемі1,12 Mb.
#89279
  1   2   3
Байланысты:
абай кунанбаев 6- сынып тест



6 сынып. 4-тоқсан. №1. Бөлім «Абайды оқы, таңырқа!»

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым
Айтылым

Оқу мақсаты

6.1.5.1. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

Бағалау критерийі

- Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы анықтайды
- Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындылу уақыты

20-25 минут



Оқушының аты – жөні______________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________________


Тыңдалым
Абай «Жаз»

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурына бұрқылдап.
Мылтық атқан, құс салан
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутындап...

https://www.zharar.com/kz/olen/1158-jaz.html


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет