6-сынып ежелгі қазақстан тарихы бабалардың тастап кеткен ізінде



бет95/110
Дата28.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#87803
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110
Байланысты:
2 5226464119598617246

93-нұсқа
1. Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының батыры атағын алды:
А) Брест қамалы үшін шайқаста
В) Сталинград үшін шайқаста
С) Ленинград үшін шайқаста
Д) Мәскеу үшін шайқаста
Е) Курск үшін шайқаста
2.1917 жылы «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді:
А) Семейде
В) Петропавлда
С) Сергиопольде
Д) Верныйда
Е) Ақмолада
3.ЖЭС кезінде нарықтық қатынастардың нығаюына қарай салық төлеудің заттай және ақшалай аралас түрлері, тек ақшаға ауыстырылған мерзім:
А) 1921 жылы 21 қаңтар
В) 1921 жылы 1 қаңтар
С) 1923 жылы 21 қаңтар
Д) 1924 жылы 21 қаңтар
Е) 1924 жылы 1 қаңтар
4.1949 жылы авторы мен негізгі орындаушылары КСРО мемлекеттік сыйлығын ұсынылынған опера:
А) «Кеше мен бүгін»
В) «Қыз Жібек»
С) «Біржан Сара»
Д) «Қарақаралы»
Е) «Дударрай»
5.Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі:
А) «АЗ и Я»
В) «Жазу тілі»
С) «Қызыл жебе»
Д) «Көне түркі»
Е) «Соңғы парыз»
6.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалау кезінде 347 адам атылған өлке:
А) Торғай
В) Жетісу
С) Батыс Сібір
Д) Түркістан
Е) Семей
7.1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат:
А) «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң»
В) «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»
С) « Қазақ КСР-і Конституциясы»
Д) « Қазақстан Республикасының Конституциясы»
Е) « Қазақ КСР-нің Президенті» туралы заң
8.Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға:
А) А.Байтұрсынұлы
В) Ш.Құдайбердіұлы
С) С.Дөнентаев
Д) С.Көбеев
Е) Т.Ізтілеуов
9.1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларының бірі:
А) Е.Бекмаханов
В) Ә.Марғұлан
С) М.Әуезов
Д) Қ.Жұмалиев
Е) Е.Ысмайылов
10.Түркістан федералистер партиясы құрылған жыл:
А) 1917 ж. қыркүйек
В) 1917 ж. қазан
С) 1917 ж. қараша
Д) 1917 ж. тамыз
Е) 1917 ж. мамыр
11.1952 жылы Қазақ драма театрында В.Голубович қойған драма:
А) « Біржан-Сара
В) «Назугум»
С) «Абай»
Д) «Ризвангүл»
Е) «Гвардия алға»
12.1960-1970 жылдары республикадағы жаңа баспа:
А) Қайнар
В) Мектеп
С) Өнер
Д) Кітап
Е) Атамұра
13.ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстанда жұмыс істеген атом полигоны:
А) Шевченко
В) Капустин Яр
С) Үстірт
Д) Дегелең
Е) Невада
14.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаныны үшін ұсталып,жазаға
тартылған адамдар саны шамамен:
А) 7500
В) 8500
С) 99
Д) 246
E) 6500
15.Жерді жалға бер мен алуға,жалдамалы еңбекті қолдануға, жеке сауда мен
кәсіпорындар құруға рұқсат берген кезең:
А) иедустрияландыру
В) әскери коммунизм
С) жаңа экономикалық саясат
Д) ұжымдастыру
E) азамат соғысы
16.1949 жылы М.Әуезовтың «Абай» романына берілген марапат:
А) «Халықтар достығы» ордені
В) Лениндік сыйлық
С) Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы
Д) «Құрмет» ордені
E) КСРО мемлекеттік сыйлығы
17.1946 жылы маусымда Алматы қаласында ашылған мекеме:
А) Ғылым Академиясы
В) Ұлттық кітапхана
С) Тұңғыш жоғары оқу орны
Д) Тіл білімі және әдебиет институты
E) Медицина академиясы
18.1917 шілде ,желтоқсан айларында өтті:
А) «Үш Жүз» партиясының І-ші және ІІ-ші съездері
В) «Алаш» партиясының І-ші және ІІ-ші съездері
С) кадет партиясының І-ші және ІІ-ші съездері
Д) эсер партиясының І-ші және ІІ-ші съездері
E) большевиктер партиясының І-ші және ІІ-ші съездері
19.Сталинград түбінде ерлік көрсеткен минометшы,Кеңес Одағының Батыры:
А) Қасым Аманжолов
В) Қарсыбай Сыпатаев
С) Ғалым Ахмедяров
Д) Нұрым Садықов
E) Қойгелді Аухадиев
20. « Республикада халық ағарту ісін одан әрі жақсарту мақсатымен Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің Пленумы қаулы етеді:
1.Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды тәрбиелеу мен оқыту аса маңызды саяси
және әлеуметтік іс деп танып, Қазақстан К(б)П облыстық,қалалық,аудандық
комитеттерінен, республиканың барлық партия ұйымдарынан халық ағарту мәселелерімен күнбе-күн шұғылдану талап етілсін,бұл жөнінде жалпыға бірдей..... оқуды жүзеге асыруға,педегогикалық кадрларды даярлауға,бір ыныпта екі жыл отыруды және мектептерден оқытушылардың кетіп қалуын жоюды қамтамасыз ететін оқыту және тәрбиелеу жұмысының сапасын арттыруға көңіл бөлінсін.
2. Республиканың партия және кеңес ұйымдарына мыналар міндеттелсін:
а) мектеп жасындағы барлық балалар жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап мектептерге оқуға тартылсын,барлық жерлерде оқушылардың барлығы оқуға келетін болсын,оқудың толық курсын бітірмей тұрып,олардың мектептен кетіп қалуына жол берілмесін,алдыңғы қатарлы елді-мекендердің жақсы жұмыс тәжірибелерін кең таратып, балалардың жалпыға бірдей жетіжылдық оқуын жүзеге асыру жөнінде халық арасында үгіт-көпшілік жұмысы өрістетілсін.
ә)...сонымен бірге тым кішкене мектептер және оқушылары толық емес сыныптар ашуға,сол сияқты отарлы мал шаруашылығы участоктерінде көшпелі мектептер ашуға жол берілмесін;
б) мектептер жанында қоғамдық интернаттар ұйымдастыру, жалпыға бірдей оқу қорын жасау,оқушыларды алыстағы мектептерге жеткізіп тұру жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қолдансын».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет