6-сынып І нұсқа Екі жүз елу сегіз мың тоғыз жүз үш санын санмен жазыңыз



Дата26.08.2023
өлшемі362,26 Kb.
#105601

6-сынып І нұсқа

1. Екі жүз елу сегіз мың тоғыз жүз үш санын санмен жазыңыз.


А. 258930 В. 258903 С. 25893 D. 2058903
2. Формуладағы амалдардың орындалу тәртібін сандармен көрсетіңіз:


200 ÷ (403-205) + 209 × 3


3. Доғал бұрышты үшбұрышты сызықпен түрлендіріңіз.


А В С D

4. 1-ші суреттегі сызық 2-ші суреттегі сызыққа қарағанда ұзын, дұрыс па?

Жауабыңызды түсіндіріңіз?_____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

5. Теңдеуді шешіңіз: 560 – х = 9 5


Толық жауабыңыз:______________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Кітапта үш хикая бар. Бірінші хикая 92 беттен тұрады, екінші – бірінші хикаядан 25 бетке кем, бірінші мен екінші хикаяны қосқанда үшінші хикая беттерінің санына тең. Кітапта неше бет бар?


Шешімі:___________________________________________________________________________________________________

7. Амалды орындаңыз: 7 659 241 – 325 712 =
Жауабыңыз:__________________________________________________________

8. АСD үшбұрышының периметрі 65 см-ге тең. АС қабырғасы 22 см тең, СD қабырғасы АС қабырғасынан 11 см-ге кем. АD ұзындығын табыңыз?


А. 31 см В. 32 см С. 29 см D. 28 см

9. Жазда бір килограмм шие 450 теңге тұрады. Аида 2 кг 450 г шие сатып алды. Ол 2 000 теңгеден қанша теңге қайырып алуы керек? (Бүтінге дейін дөңгелектеңіз).


Жауабыңыз:_______________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________

10. 3256 санын 13-ке бөлгендегі қалдығын табыңыз?


А. 2 В. 4 С. 6 D. 3
11. Шеңбердің қандай бөлігі боялған?

Жауабыңыз: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

12. Мына фигуралардың қайсысының ауданы ең үлкен?


Жауабыңыз:__________________________________________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

13. Бір қорапшада 23 текше пішінді зат (кубик), ал екінші қорапшада 15 текше пішінді зат бар. Екі қорапшада бірдей текше пішінді зат болуы үшін, бірінші қорапшадан екіншісіне неше текше пішінді затты салу керек?


Жауабыңыз:___________________________________________________________________________________________

14. Сандар жазбасы мен разрядтар қосылғышының қосындысы арасындағы сәйкестікті табыңыз:



1) 20000+20+3




А. 223

2) 2000+200+3




В. 2 023

3) 2000+20+3




С. 2 203

4) 200+20+3




D. 20 023



15. Мына тікбұрыштың периметрі нешеге тең?

А. 7 см В. 10 см С. 20 см D. 21 см
6-сынып ІІ нұсқа
1.Үш жүз бес мың жеті санының дұрыс жазылуын көрсетіңіз?
А. 305 700 В. 30 507 С. 305 007 D. 3 057
2 .Тік бұрышты үшбұрышты сызықпен түрлендіріңіз.


A B C D

3. Соңғы орындалатын іс әрекет амалын көрсетіңіз.
10 × 2 – 200 : 4 + 560

А. Қосу В. Көбейту С. Азайту D. Бөлу


4. 3-ші және 4-ші суреттердегі төртбұрыштардың ауданы бірдей екені дұрыс па?



Жауабыңызды түсіндіріңіз:______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

5. Теңдеуді шешіңіз: = 46 + 68


Шешімі:______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

6.Диірменге үш қап бидай әкелінді. Бірінші қапта 47 килограмм бидай, екіншісінде 45 килограмм, ал үшінші қапта бірінші қаппен екіншісін қосқанда 52 килограммға кем. Үш қапта неше килограмм бидай бар?


Шешімі:______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

7. Амалды орындаңыз: 1967527 + 5719543 =


Жауабыңыз:_____________________________________________________

8. АВС үшбұрышының периметрі 97 сантимертге тең. АВ жағы 29 сантимертге, АС жағы АВ жағынан 15 сантиметрге артық. ВС жағының ұзындығын табыңыз.


А. 26 В. 20 С. 24 D. 28

9. Қаламаңы электропоездінің жолақысы 598 теңге тұрады. Оқушыларға 50% жеңілдік ұсынылған. 3 ересек және 10 оқушыдан тұратын топтың жолақысын төлеу үшін қанша жолақы керек екендігін санаңыз?


Шешімі:__________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

10. 2658-ді 9-ға бөлгендегі шығатын қалдықты табыңыз.


А. 4 В. 3 С. 7 D. 2

11. Демалыс күні бүкіл отбасы саңырауқұлақ жинауға барды. Баласы 8 мүкқұлақ жинады, анасы одан 9-ға артық, ал әкесі анасы мен баласының жинағанынан 4 артық жинады. Бүкіл отбасы неше мүкқұлақ жинады?


Шешімі:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

12.Квадраттың қай бөлігі боялған?































































Жауабыңыз: _____________________________________________________________________


_____________________________________________________________________

13.Мұнараның кейбір кубиктері көрінбейді. Мұнарада неше кубик бар екенін санаңыз.



Жауабыңыз: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

14. Сандар жазбасы мен разрядтар қосылғышының қосындысы арасындағы сәйкестікті табыңыз.



1)10000+20+3




А. 1 203

2) 1000+200+3




В. 1 023

3) 1000+20+3




С. 123

4)100+20+3




D. 10 023



15. Алмас тәтті тоқаш пісірмекші. Тұмша пешті қыздыруға 10 минут және тәтті тоқашты пісіруге тағы 12 минут қажет. Алмас тоқаштың сағат тура 11-де дайын болуын қалайды. Ол тұмша пешті қай уақытта жағып қоюы қажет?
А. 10 сағ 38 мин В.10 сағ 48 мин С. 10 сағ 50 мин D. 11 сағ 22 мин


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет