5, 6, 7 сынып математика оқулықтарында
мәтінді есептердің қолданбалы аспектілерінің қамтылуына талдау
Есептер – математиканы оқып-үйренуде маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі оқытуда есептер теориялық материалды бекіту құралы ретінде қарастырылады. Алайда, қазіргі кездегі математиканы оқыту әдістемесі үшін есептердің дидактикалық функцияларын одан әрі тереңдетудің, бізді қоршаған ортадағы құбылыстарға байланысты тапсырмалар арқылы математиканы үйретудің маңызы арта түсуде. Қазіргі қолданыстағы мектеп оқулықтарында берілген мәтінді есептер қолданбалы есептер қатарына жатады.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 5-сыныптарында математика пәні келесі оқулықтармен оқытылады:
Екі оқулықта да заттың массасына, құнына, бағасын табуға арналған, қозғалысқа және өнімділікке байланысты мәтіндік тапсырмалар бар. Сонымен қатар геометриялық денелердің ауданын, периметрін, көлемін табуға арналған және пайызға байланысты мәтін есептер қарастырылған.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 6-сыныптарында математика пәні келесі оқулықтармен оқытылады:
А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2017.
Т.А. Алдамуратова, К.Байшоланова, Е.Байшоланов, - Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017.
Жалпы білім беретін орта мектептердің 7-сыныптарында алгебра пәні келесі оқулықтармен оқытылады:
А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2017, - 272б.
Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә. Шыныбеков, - Алматы: «Атамұра» баспасы, 2017, - 200б.
«Мектеп» баспасының оқулығында «Мәтінді есептерді теңдеулер мен теңсіздіктер құрастыру арқылы шешу» тақырыбы берілген. Бұл тақырыпта мәтінді есептерді теңдеулер мен теңсіздіктер құру арқылы қалай шешуге және есептің шарты бойынша математикалық модельді қалай құрастыруға болатындығы жайлы анықтама мен алгоритм көрсетілген. Бірнеше мысалдардың шешу жолы қарастырылған. Жаттығуларға келетін болсақ, А деңгейіне 10, В деңгейіне 9 және С деңгейіне 10 есеп берілген.
«Атамұра» баспасының оқулығындағы «Мәтінді есептерді математикалық модель құрып шығару» тақырыбында құрылған теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйесінің есептің математикалық моделі болып табылатындығы жайлы айтылған және мәтінді есепті шығарудың сызбанұсқасы көрсетілген. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында модель арқылы есептің берілгенін құрастыруға болатындығы жайында мысалдар мен жаттығулар қарастырылған. Есептің күрделілігіне қарай А деңгейінде 8, В деңгейінде 12 және С деңгейінде 6 жаттығулар бар.
Екі автор оқулықтарында да мәтіндік есептердің классификациясына сәйкес қозғалысқа, бірлесіп жұмыс істеуге, пайызға, орындалатын амалдардың санына қарай және есептің шығару жолының әртүрлілігіне байланысты жаттығулар берілген. Айырмашылығына келетін болсақ, «Мектеп» баспасының оқулығында барлық жаттығулар математикалық модель құрып шығаруға арналған, ал «Атамұра» оқулығында математикалық модель бойынша мәтінін жазуға арналған жаттығулар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |