Ештаев Б. Д., Кентбаев Е. Ж., Шыныбеков М. К



Pdf көрінісі
Дата06.04.2017
өлшемі325,48 Kb.
#11173

131 

 

Yermenov R.T.,  Dzhulamanov T.D. 



 

CONNECTING TO NETWORK AGRICULTURAL INSTITUTIONS AFTER 

PRIVATIZATION 

 

Connecting to network agricultural institutions after privatization is presented in this paper. 



Key words: land resources, normative and background information, agriculturally used areas. 

 

 



ƏОЖ 502.4:338.484 (574.53) 

 

Ештаев Б.Д., Кентбаев Е.Ж., Шыныбеков М.К. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ «САЙРАМ-ӨГЕМ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ 

ТАБИҒИ ПАРКІНДЕ ЭКОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Аңдатпа  

Бұл мақалада Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарының бірі - «Сайрам-

Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі экотуризмді дамыту жолдары қарастырылып, 

туризм жұмыстарына талдау жасалған.  



Кілт  сөздер:

  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бақ,  экотуризм,  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аймақтар, қорғалатын табиғи аймақтар, халықаралық табиғат қорғау одағы, айлық есептік 

көрсеткіш.  

 

Кіріспе  

Соңғы  екі  мың  жылдықта  экотуризм  жақсы  дамуда  жəне  болашақта  оның  одан  əрі 

дамуы күтілуде. Бұл негізінен адамдардың табиғи ортасы жақсы дамыған, ауасы мен суы таза 

табиғи жерлерде демалуға ұмтылумен байланысты. Экотуризм соңғы жылдары бүкіл əлемде 

қолдау тапқан туризмнің жаңа бағыты.  Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 

жылды Халықараралық экотуризм жылы деп жариялаған.  

Қазақстанда  экотуризмді  дамытудың  үлкен  мүмкіндігі  бар.  Оған  негізінен  аймақтың 

геополитикалық  жағдайы,  яғни  халықаралық  туристік  жəне  саудалық  ағындардың  осы 

территория  арқылы  өтуі,  саяси  тұрақтылық,  елдегі  көптеген  табиғи  ландшафтының, 

архитектуралық,  тарихи-мəдени  рекреациялық  ресурстардың  алуан  түрлігі  себеп. 

Қазақстанда экотуризм дамуының негізі болып, көптеген елдердегі сияқты, ерекше табиғи 

жер бедері мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саналады. 

   Ерекше    қорғалатын    табиғи  аймақтар  (ЕҚТА)  дегеніміз – белгілі  бір  аймаққа  тəн 

табиғи  кешенді  халық  игілігіне  жарату  мақсатымен  мемлекет  тарапынан  қорғалатын, 

ғылыми,  тарихи,  мəдени  жəне  эстетикалық  мəні  бар  табиғат  нысандары. «Табиғат – ел 

байлығы», «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз қазақ бекер айтпаған. Табиғат адамның 

ежелден бергі тіршілік етіп келген жəне мəңгілік мекен ете беретін алтын бесігі. Туған жер 

табиғаты–халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтанда табиғатты қорғау халық парызы, 

əр адамның алдында тұрған міндеті [1]. 

Адам  баласы XX-XXI ғасырлар  аралығында  негізгі  қауіп-қатердің  бірі-қоршаған 

ортаның  ластанып,  нашарлауына  тап  болды.  Осыған  байланысты  экожүйені    əлемдік, 

аймақтық  жəне  ұлттық  дəрежеде  қорғау  жалпы  мақсатқа  жетудегі  негізгі  міндеті  болып 

табылады.  Əлемдегі  ең  ірі  жəне  беделді  табиғат  қорғау  одағы  (ХТҚО,  ағылшынша 

қысқартылған  атауы - IUCN) болып  табылады,  оған  бірнеше  мемлекеттер,  сонымен  қатар 

халықаралық  жəне  ұлттық  үкіметтік  емес  бірлестіктер  мүше  болып  кіреді.  ХТҚО  бүкіл 

əлемнен  алты  белгілі  мақсатқа  арналған  бағытта  жұмыс  істейтін  бірнеше  мыңдаған 



132 

 

сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі-қорғалатын аймақтар жөніндегі Əлемдік комиссия 



(WCPA),  табиғи  экожүйені  қорғауының  теориялық  жəне  практикалық  мəселелерімен 

айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау пен бағалау  жүргізеді, тəуелсіз мемлекеттер 

үкіметіне қорғалатын табиғи аймақтар құруға ұсыныстар дайындайды [2].  

ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын аймақтардың Бүкілəлемдік конгресін өткізеді, 

онда  табиғи  экожүйелерді  қорғаудағы  қазіргі  жағдай  мəселелері  қаралды  жəне  келешекке 

жоспар  жасалады. 2003 жылы  Дурбан  қаласында  (ЮАР)  өткен  бесінші  Бүкілəлемдік 

конгересс  комиссия  жұмыстарын  қорытындылай  келе,  биоəртүрлілікті  қорғау  жəне  оның 

тұрақты  дамуы  үшін  қорғалатын  табиғи  аймақтар  (ҚТА)  маңызын  қайта  бағалады.  Оның 

ішінде,  өткен  онжылдықта  табиғатты  территориялық  қорғау  мəселесінде  Биоəртүрлілік 

жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды. Қорғалатын аймақтар 

Биоəртүрлілік  жөніндегі  Конвенция  пікірін  іске  асыруда  негізгі  топ  болып  танылды. 1992 

жылдан бері əлемдегі ҚТА-ның жалпы саны жəне олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды. 

Қазіргі  кезде,  Антарктиданы  қоспағанда,  құрлық  бетінің 12% -ынан  көбі  қорғалады,  тек 

территорияның 10%-ына ғана қатаң қорғау тəртібі таралған. Əлемдік мұраның табиғи жəне 

табиғи-мəдени  нысаналар  саны 101-ден 172-ге  өсті,  əрі  табиғи  жəне  мəдени  қазыналарды 

қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр [3].  

Бұрын қорғалатын табиғи аймақтардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен 

байланысты  толық  емес  еді.  Сондықтан  Дурбан  конгресі  келешектің  негізгі  бастамасы 

қорғалатын  табиғи  аймақтардың  біртұтас  жалпы  жүйесін  құру  туралы  қаулы  қабылдады. 

Əлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10% - ынан көбі қорғалатын 

табиғи территория болу керек [4].  

Зерттеу əдістемесі мен материалдар

  

Жер көлемі жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын табиғи 



аймақтардың  əлемдік  жүйесінің  дамуында  маңызды  рөл  атқарады.  Біздің  мемлекетімізде 

ұлттық  бақ  құру  тарихы 1922 жылдан  басталады.  Бұл  жылы  мəдени  жəне  көне  табиғи 

ескерткіштерді  қорғау  жөніндегі  Түркістан  комитеті  құрылған,  ол  алғаш  рет  сол  аймақта 

ұлттық  бақ  құру  қажеттілігі  мəселесін  көтерді. 1926 жылы  Орта  Азия  мен  Қазақстанда 

бірінші  рет  Ақсу-Жабағылы  қорығы  ұйымдастырылды. 5 жылдан  кейін,  яғни 1931 жылы, 

Наурызым мен Алматы қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы, ал 1939 жылы Барсакелмес 

қорығы құрылды. Одан əрі ұлттық бақтармен бірге қорғалатын табиғи аймақтардың басқа да 

түрлері – геологиялық, зоологиялық жəне ботаникалық бақтар, табиғи ескерткіштер жəне т.б. 

ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы 

құрылды [5]. 

Кеңес  Одағы  кезінде  Қазақстанның  қорықтары,  бақтары,  қорықшалары  мен  табиғи 

ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттің қорғалатын 

аймақтарының біртұтас жүйесінде болатын. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан 

ауыр экономикалық жағдайды бастан  өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи аймақтарды зор 

шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға жəне 

табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мəселелердің жабылуына əкелді. Жағдай 

тек  соңғы 10-15 жыл  шамасында  ғана  оңалып  келеді.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  əлемдік 

экономикалық жүйеге одақтасуға жəне əлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға 

талпынып  жатыр.  Бұл  мемлекеттік  құрылыс  пен  қоғамдық  өмірдің  көптеген  жақтарын 

өзгертуді  талап  етеді.  Осындай  талаптардың  бірі  ҚТА    ұлттық  жүйесінің  дамуы  болып 

табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар 

қорғалатын  табиғи  территорияның  жалпы  жүйесіне  енген.  Осы  жолда  біздің мемлекетіміз 

айтарлықтай жетістіктерге жетті [6,7]. 

1997  жылдың 17 шілдесінде  қабылданған  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтар 

жөніндегі»  ҚР  Заңы  негізін  құрайтын  заң  шығару  базасы  жете  дайындалды.  Заң  табиғат 

қорғау мекемелерін құру жəне олардың жұмыстары жөніндегі мəселелерді реттейді. Қазіргі 

заң  шығаруға  сəйкес  ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтар – бұлар  мемлекеттік  табиғи – 

ұлттық  бақтық  қорын  қорғау  жəне  қалпына  келтірумен  қамтамасыз  ететін  қорғаудың 



133 

 

құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, 



су,  орман  жəне  жер  қойнауы  байлықтары.  Қорғаудың  құқықтық  шаралары  төмендегідей 

бөлінеді:  ұлттық  бақтық,  яғни  қоршаған  ортаның  табиғи  жағдайын  бүлдіретін  кез  келген  

шаруашылық  жұмыстарын  жүргізуге  тыйым  салынады;  жəне  ұлттық  бақшалық,  яғни 

мемлекеттік  табиғи-ұлттық  бақтық  қор  нысаналарын  сақтауға  қауіп  төндірмейтін  жəне 

олардың  өсіп-дамуына  зиян  келтірмейтін  шаруашылық  жəне  кез  келген  жұмыстарға  тек 

белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі [8,9].  



Зерттеу нəтижелері  

2013 жылы  ұлттық парк аумағына 19121 адам келген, оның 4500-ден астамы табиғатты 

қорғау  акцияларына  қатысқандар  болса, 14621  адам  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақты 

туристік жəне рекреациялық мақсатта пайдаланған демалушылар. Салық Кодексіне сəйкес 

ЕҚТА пайдаланғаны үшін олардан 0,1 АЕК мөлшерінде бюджетке жəне парк есепшотына 

көрсетілген  қызмет  көлеміне  сай  төлемдер  алынды.  Атап  айтқанда  бюджетке 0,1 АЕК 

бойынша 3778,5 мың теңге аударылған. Демалушыларға қызмет көрсетуден ақылы қызмет 

көрсету есеп-шотына 11005,6 мың теңге, оның ішінде жер пайдаланушылардан 2137,0 мың 

теңге түсірілген. 

  

Кесте 1 - ЕҚТА пайдаланған адам саны, бюджетке жəне ақылы қызмет көрсетуден түскен  



қаржы көлемі 

     ТББ 

Жалпы 

келген 


адам 

саны 


Бюджетке 

түскен қаржы, 

теңге 

Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржы, 



теңге 

Демалушылардан 

түскен қаржы, теңге 

Оның ішінде жер 

пайдаланушылардан 

түскен қаржы, теңге 

Төлеби  

12294 


3378288 

6669508 


 

2 137 000 

Түлкібас 1863  322482 

2006627 


Өгем 448 77740 

428765 


Барлығы: 14605  3778510 

11005600 



 

Ұлттық парк аумағына келген туристер мен демалушыларға қызмет көрсетуден түскен 

қаржы:  демалыс  орындары  мен  туристік  соқпақтарды  пайдаланғаны  үшін-4890843  теңге, 

автотұрақтарды пайдаланғаны үшін-462500 теңге, киіз үйлерді пайдаланғаны үшін-180000 

теңге, моншаны пайдаланғаны үшін-385000 теңге, қонақ үйлерді пайдаланғаны үшін-532500 

теңге, палатка мен тапшанды пайдаланғаны үшін-207000, мініс аттарын пайдаланғаны үшін-

158000 теңге, отынды пайдаланғаны үшін-143057 теңге, экскурсовод қызметінен-9000 теңге, 

жер пайдаланушылардан-2137000 теңге қаржы түсірілді.  



Нəтижелерді талдау

  

Ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтар  əр  уақыттта  қорғауды,  сақтауды  керек  ететін 



табиғат кешені. Жер қойнауының байлықтары топырақ, су, ауа, өсімдіктір мен жануарлар 

дүниесі – қашан  да  жер  бетіндегі  тіршіліктің    қайнар  көзі.  Алайда,  табиғат  қазынасы 

сарқылмас қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалану,  өсіп-өнуі, артып отыруы 

адамның қамқорлығын керек етеді. 

Қазақстанда  экотуризмді  дамытудың  үлкен  мүмкіндігінің  болуына  қарамастан,  оны 

дамытудың көптеген қиындықтары бар. Республикамызда экотуризмді дамытудың ең басты 

проблемасы  қазіргі  уақытқа  дейін  экотуризмді  дамытуда  мемлекеттік  бағдарламаның 

жоқтығы  жəне  осыған  байланысты  мемлекет  тарапынан  туризмнің  бұл  түріне  қолдау 

көрсетілмеуі.  Бірақ,  Қазақстанда  экотуризм  мүлде  дамымаған  деуге  болмайды.  Өйткені 

экотуризмді  дамыту  мақсатында  көптеген  ЕҚТТ  өз  аймақтарында  экомаршруттар 

ұйымдастыруда  жəне  бұл  саланы  дамыту  сұрақтары  мен  айналасатын  арнайы  мекемелер, 

мемлекеттік  емес  ұйымдар  бар.  Сондықтан  Қазақстанда  экотуризм  танымал  болып  келеді 

деуге болады. 


134 

 

Экотуризм  соңғы  жылдары  Қазақстанда  дамып  келе  жатқан  туризмнің  жаңа  түрі. 



Жалпы  алғанда,  Қазақстанда  экотуризмді  дамытудың  үлкен  болашағы  бар.  Өйткені 

Қазақстан  Республикасы  экотуризм  обьектілері  болып  табылатын  ресурстарға  бай  болып 

келеді. Бұнда аса үлкен потенциалға ерекше қорғалатын табиғи аймақтар ие. Себебі олардың 

территориясында қазіргі уақытта экотуризм маршруттары кеңінен ұйымдастырылып келеді 

жəне де ол ең негізгі экологиялық туризм ресурсы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, ерекше 

қорғалатын табиғи аймақтар экотуризм дамуының негізі. Экотуризмнің дамуы экономикаға 

табыс  түсірудің  көзі  болып  табылады.  Өйткені,  экотуризм-табиғи  жағдайы  ластанбаған 

ортада демалу ғана емес, ол сол жердің халқының жағдайын жақсарту да болып табылады. 

«Сайрам-Өгем» МҰТБ талдау жасай отырып келесідей қорытындыға келдім. «Сайрам-

Өгем» МҰТБ буферлік зоналарында экотуризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер бар жəне 

олар осы аймақта экотуризмді дамытуда біршама жақсы қолдануда. «Сайрам-Өгем» МҰТБ 

экотуризмді  дамыта  бастағаннан  бері  жергілікті  халықтың  тұрмыстық  деңгейі  біршама 

көтеріле  түсті. «Сайрам-Өгем»  МҰТБ  қорығы  шетел  азаматарының  арасында,  əсіресе 

американдықтар арасында үлкен қызығушылық тудырады.   

«Сайрам-Өгем»  МҰТБ  экотуризмды  одан  əрі  дамыту  мен  жетілдіру  үшін  келесідей 

шараларды қолдану керек: ең бастысы ұлттық бақта экотурзмді дамыту мемлекет тарапынан 

қолдау табу керек, заңдар мен нормативті-құқықтық актілер қабылдану керек; ұлттық бақ 

маңайындағы  елді-мекендерде  инфроқұрлымды  дамыту  керек;  жергілікті  халық  арасында 

потриоттық  сезімді  оятып,  табиғатты  аялауға  шақыру  керек;  ұлттық  бақтағы  қызмет 

көрсетуші кадрлардың санын көбейтіп, қызмет сапасын көтеру керек. Көптеген тренингтер 

мен  семинарлар  өткізу  қажет;  өңірде  туристік  инфроқұрлымды  дамыту  қажет;  кафе  жəне 

мейрамханаларды дамыту.  

Осы  айтылған  шараларды  жүзеге  асыру  арқылы  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады. 

Нəтижесінде  «Сайрам-Өгем»  бағында  экотуризмі  жақсы  дамыған  əлемдік  сұранысқа  ие 

болатын  ұлттық  бақ  болады.  Жалпы,  Қазақстан  Республикасындағы  экотуризмді  дамыту 

үшін барлық ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда əлемдік тəжірибені негізге ала отырып, 

экотуристік маршруттар ұйымдастыру керек. 

 

Əдебиеттер 



 

1.  Бекенов  А.,  Жұмаділов  Ə.,  Қыдырбеков  Х.  «Қазақстан  ұлттық  бақтары». -Алматы: 

«Қайнар»,  1980. 

2.  Назарчук  М.К.  «Перспективыразвития  экологического  туризма  в  Казахстане».-

Алматы: ТОО «Экопроект», 2001.-80 бет. 

3. «Географический  термин».-М.: Советская энциклопедия,1988. 57 бет. 

4.  Қазақ  Ұлттық  Энциклопедиясы. «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас  редакциясы.-

Алматы, 2002. 4 том. 69-95бет. 

5.  Қазақ  Ұлттық  Энциклопедиясы. «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас  редакциясы.-

Алматы, 2002. 6 том. 5-37бет. 

6. Егеменді Қазақстан газеті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заң.№152, 

2003. 1-3 бет. 

7. Қазақстан Республикасы Өкіметінің «Қазақсатан Республикасында туризмді дамыту 

концепциясы»туралы қаулысы.06.03.2001. 

8. Қазақстан Ресиубликасының бірқатар заңды актілеріне жасалған толықтырулар мен 

өзгертулер.23.01.2001. -№151. 

9.  Қазақстан  Республикасында 2030 жылға  дейін  Ерекше  қорғалатын  аймақтарды 

дамыту жəне бөлу туралы концепсиясы.10.10.200. -№1692. 

 

 

 



 

135 

 

Ештаев Б.Д., Кентбаев Е.Ж., Шыныбеков М.К. 



 

ПУТИ РАЗВИТИЯ ЭКОТУРИЗМА В «САЙРАМ-УГАМСКОМ» 

ГОСУДАРСТВЕННОМ  НАЦИОНАЛЬНОМ ПРИРОДНОМ ПАРКЕ  

ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ  



 

В статье рассмотрены пути развития экотуризма и выполнен анализ работ по туризму 

в  одном  из  особо  охраняемых  природных  территории  Казахстана  «Сайрам-Угамском» 

государственном национальном природном парке. 



Ключевые слова: государственный национальный природный парк, особо охраняемые 

природные территории, охраняемые природные территории, международный союз охраны 

природы, месячный расчетный покозатель. 

 

Eshtaev B., Kentbaev Е., Shynybekov M. 



 

WAYS ECOTOURISM DEVELOPMENT IN SAYRAM-UGAM STATE NATIONAL 

PARK SOUTH KAZAKHSTAN REGION 

 

The article discusses the development of eco-tourism and the analysis of works on tourism in 

one of the specially protected natural territories of Kazakhstan "Sairam-Ugam State National Park". 

Key words: state national nature park, specially protected natural territories, protected natural 

territories, international union for conservation of nature, monthly calculation index. 

 

 

ƏОЖ 628.3             



 

Жайлаубаева М.М., Зубаиров О.З., Жанымхан Қ. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

 

ТӨГІНДІ СУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ 



 

  

Аңдатпа  

Қалаларымыз  көркейіп  жаңарған  сайын,  ел  тұрмысы  жақсарып  таза  су  пайдалану 

көбейеді. Пайдаланылған су əртүрлі қалдықтар, қоспалармен ластанып канализацияға түсіп 

қала сыртына шығарылады. Осы суларды төгінді сулар дейді. Ол сулардың көлемі жылдан 

жылға көбеюде. Тек еліміздің қалаларынан жылына 6 млрд.м

 осындай су пайда болады. Бұл 



сулардың құрамында əртүрлі органо-минералды заттар, ауыр металдар, мұнай қалдығы жəне 

тағы басқалар көптеп кездеседі. Əртүрлі бактериялар болуы да мүмкін. Сондықтан да бұл 

суларды  алдын-ала  дайындамай  шаруашылықта  қолдануға  болмайды.  Əлемнің  алғы 

елдерінде төгінді сулар механикалық жəне биологиялық тазартудан өткеннен кейін егістікті, 

тал ағаштарды суғаруға пайдалануда.  

Кілт сөздер:

 төгінді су, топырақ қабаты, инъекциялық суғару, импульс. 



 

Кіріспе 

Қазақстанның  қала  маңайларында,  тоғандарда,  сай  салада,  сүзгіш      алаңшаларда 

төгінді  сулар  көптеп  жиналуда.  Көлемі  жыл  сайын  көбеюде.  Жасыратын  несі  бар  су 

сыймағандықтан оларды əлсін-əлсін өзенге құйып, оларды  ластап отырады. Жаз кезінде су 

жоқ, су жоқ деп жар саламыз. Қала маңайындағы төгінді суларды неге есепке алмаймыз, тек 

оларды қауіпсіз жолмен пайдалану керек. Ол үшін біріншіден олардың химиялық құрамына 



мəн  беру  керек.  Ондағы  катиондар  қатынасына  мəн  беру  керек.  Мысалы:  Са:Мg=2:1, 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет