Сабақтың басы
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз? 2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?
3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз.
Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
|
Сабақтың ортасы
|
1. Мәтінмен жұмыс. Ұстаз А. Сопыбеков
леңде ұстаз деп кімді айтып отыр?
2. Өлеңде ұстаз бойындағы қандай қасиеттер айтылған? деген сұрақтарға қандай пікір айта аласыңдар?
3.Шығармашылық жұмыс. Топқа бөлініп, әр топ «Менің ұстазым» тақырыбына шағын құрап және әр топ өздерінің жұмысын жария етеді.
4.Тыныштық сәті. Балалардың денесі, ойы тынықтырылады. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап,
айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа,
махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. (Осылайша 2 минут отырады)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық.
. Бізде бүгін дәйексөз Ребус, соны шешіп көрейік. « Мұғалім – мектептің жүрегі » Ы. Алтынсарин - Ыбырай Алтынсарин
қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.
5. Жаңа ақпарат. Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.
Қағазғасол жақ бөлігінде ұзтаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті салып, бояңдар.
- Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз.
Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға
үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.
6. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық.
Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген
сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында «Менің Ұстазым» тақырыбында сурет салу беріледі.
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|