6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



бет93/356
Дата09.05.2022
өлшемі460,07 Kb.
#33148
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   356
Байланысты:
Қазақстан тарихы

Мәтінде берілген ханды анықтаңыз: «Әрбір қазақ ұлысын Шыңғысхан тегінен тарайтын бір сұлтан басқарады; олардың әрқайсысы ясыға сәйкес Жошыдан бастап ол ханға дейінгі ата-бабалары иеленген жерлерге тоқталады; жазғы және қысқы жайылымдары пайдалану тәртібі де нақ осындай. Ол хан мен Дешті Қыпшақ ханының арасындағы жаулыққа Дешті Қыпшақ хандарының күншілдігі негіз болған. Дешті Қыпшақ мұрагерлік бойынша оған тиесілі еді, онда барлық кездерде соның ата-бабалары хандық құрып келген-ді. Осы негізде қазақ хандары егер ол хан Дешті Қыпшаққа өтіп алса, ол күшейіп, қазақ хандарының билігін тартып алады деп қауіптенді. Бұл хан мен Бұрындық хан арасында көптеген соғыс болды, олар барлық өзбектерге жақсы мәлім және оларды бұл ханның өзі де өзінің жазған тарихында айтқан. Дешті Қыпшақ хандарына келетін болсақ, олар да осы оқиғалардың бәрін растайды, бірақ басқаша түсіндіреді. Олар өздерінің Хан мемлекетіне шабуылын өздерінің мақта-мата тауарларына деген мұқтаждықтарымен түсіндіреді. Кейбір саяси ойлармен бұл хан қазақ көпестері мемлекетке жіберілмесін, ал келе қалған жағдайда тонап алынсын деген жарлық берді. Хан жарлығының мәні бар еді. Өзбек мемлекетіне келген қазақтар оның күш-қуаты мен ресурстарын зерттеп алып, сонан соң құлшына күреске иүсер еді, сол кезде қарсы тұру қиын болар еді. Бүгінде өзбектердің қалай тұрып, рақатқа батып отырғанын білмейді, сөйтіп өздерінің мешеу өмірін өте жақсы деп санайды, ал егер оларға жақсы және әдемі өнімдер жетсе, олар басқаша ойлай бастаған болар еді. Қазір олар білмейді. Осы ойлар негізінде олармен қарым-қатынас және сауда жасауға тыйым салынды, осындай шаралар арқылы қазақ қолының жолын бөгегісі келді» : Шайбан

Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапқан: Темір әулеті

ХV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін

Қазақ хандығы үшін саяси-эканомикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар: Сыр бойындағы

ХVІ ғасырдың бас кезінде қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан: Мұхаммед Шайбани

Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілқайыр немересі: Мұхаммед Шайбани

Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті: Шайбанидың қаза болуы

ХV ғасырдың 70жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері: Сырдария мен Қаратау өңірі

1470 жылдары керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан

Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы сыр бойындағы қалалар үшін шайқас өткен мерзім: ХV ғасырдың ІІ жартысы

Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы Сырдария қалалары үшін күрес созылды: 30 жылға

ХVғ. 80ж. Қазақ хандығына жорық жасаған кезінде Шайбани ханға қолдау көрсеткен: Моғолстан ханы

ХV ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы күрес аяқталды: Бітімге келумен

Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деп жарлық шығарған хан: Мұхаммед Шайбани хан

ХVғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар: Созақ,Сығанақ

Бұрындық хан билеген жылдар:1474-1511жж.

1511 жылға дейін Қазақ хандығын билеген Керейдің ұлы: Бұрындық

Бұрындық ханның кезінде әскер басшысы болған сұлтан: Қасым

Бұрындық (Мұрындық) ханның басқа қазақ хандарынан айырмашылығы: билікті өмірінің соңына дейін ұстай алмады

Бұрындық хандық биліктен кетіп, өмірінің соңына дейін тұрған қала: Самарқан

ХV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа тартылғандар: Шайбани хан, Моғолстан билеушілері, Темір ұрпақтары

ХV ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығы, Шайбани хан,Темір ұрпақтары, Моғолстан билеушілерінің арасындағы талас-тартыстың негізі: Сыр бойындағы қалалар

XV ғ. Аяғында XVI ғ. Басындағы қазақ даласындағы саяси өмір сипаты: Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   356




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет