Миссионерлер – халық арасына жат дінді насихаттау үшін жіберілетін адамдар.
Мистика – табиғаттан тыс таңғажайып күштің бар екендігіне сену.
Мобилизация– 1) мемлекеттің қарула күштерінің, азаматтық қорғанысы мен халық шаруашылығының немесе қарулы күштері бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; 2) запастағы әскери міндеттілерді армияға шақыру.
Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке-дара (әдетте, мұрагерлік жолмен) билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет.
Мораторий (лат. moratorium – кейінгі қалдыру, соза тұру) – мемлекеттің өз іс-әрекетінің халықаралық міндеттермселерінің, шарттарының орындалуын тоқтата тұруы.
Мөр – қағазға басу үшін жұмсақ материалға (балшық, балауыз т.б.) ойылып түсірілген суретті таңба.