Уд-зк-22-02 студенті дефектолог тобы: Карашева Гульжанар Бактыгереевна Орал қаласы



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі17,46 Kb.
#132249
  1   2

Б.Б.Городовиков атындағы ҚалМУ

Тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары
УД-ЗК-22-02 студенті
дефектолог тобы: Карашева
Гульжанар Бактыгереевна

Орал қаласы

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқытудың арнайы жағдайлары


Кіріспе


Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре пайда болуымен де түсіндіріледі. Балалар арасындағы туа пайда болған, жүре пайда болған бұзылулар 5-7%-ды құрайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар дамуындағы артта қалушылықтар түрлі кемшіліктердің полиморфтылығымен түсіндіріледі:
1) Нерв жүйесінің аурулары: балалар церебральды салы, полиомелит (жұлын миының алдыңғы мүйізшелерінің инфекциялық ауруларға шалдығуы).
2)Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиялық жағдайлары: жамбас сүйектерінің шығып кетуі, мойынның қисаюы, майтабандық, аяқ-қолдардың дамуындағы жетіспеушіліктер және т.б.
3)Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары және зақымдануы: жұлын миының, бас миының, аяқ-қолдардың соққы алуы, буындардың ауруы (полиартрит), сүйек аурулары (сүйектердің ісінуі, туберкулез), рахит (сәбилік шақта дәрумендеодің жетіспеушілігінен зат алмасудың бұзылуы).

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосылуы болып табылады.


ТҚАБ балаларды оқыту: қозғалыс ақауын шамадан келгенше медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқулар терапиясы жұмыстары аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 жасар бала арнайы балабақшаға бара алады. Топтағы баланың толымы 8 баладан тұрады.Арнайы балабақшадағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Е.Ф.Архипова, Л.А. Данилова, Г.В.Кузнецова, Н.В. Симонова құрған әдістемелік бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мекте жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
-ойын әрекетін дамыту;
-қоршаған ортамен тіл арқылы қарым-қатынас орнату;
-қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту;
-қол еңбегіне үйрету мен жазуға дайындау;
-өзіне қызмет етудегі гигеналық талаптарды игерту.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайында да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
-бастауыш білім беру деңгейінде – 0(даярлық), 1-4 сыныптар;
-негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;
-жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.
Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен, сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды меңгерудің қиындығымен , түзету-сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты.
Соңғы жылдары қимыл-қозғалыстарында кемшіліктер бар балалар жалпы білім беретін мектептерге орналасуда.
Ең алдымен мұғалімдер оқу - тәрбие жұмысының басталу уақытына дейін ата-аналармен кездесу жасап, баланың сүйіп айналысатын ісімен, кызығушылығымен, бейімділігімен, мүмкіндігімен, сүйіп оқитын пәндерімен, ойындарымен танысып, дамыған кимыл-қозғалыс актілерін білу, ол қозғалыстың қай кезде жақсы байқалатынын, баланың еркін қозғалысқа түсу мүмкіндігінің қалайша орындалатынын анықтау қажет.
Содан кейін арнаулы мекемеге қабылданатын баламен ұжым оқушыларын толық таныстыра, оның дамуындағы өзгешеліктерді, оны шеттетпеу керектігі туралы таныстыру жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет