6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Кешіктен – ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.  Кластер



Pdf көрінісі
бет266/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Кешіктен – ханның жеке басын қорғайтын жасауыл. 
Кластер – бір салада жұмыс істейтін, олардың үйлесуіне жол салатын, бір-бірімен байланысты және жақын 
орналасқан кәсіпорындар. 
Клерикализм – католик шіркеуінің саяси және мәдени әсерін бекітуге тырысатын идеологиялық және саяси 
ағым. 
Коллаборационистер – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистер жағына шығып, соларға қызмет 
еткендер. 
Колхоз – Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі. 
Комиссар – мемлекеттен арнайы өкілдік алған, қызмет бабындағы адам. 
Коммендация – жеке басын қорғағаны үшін феодалдардың әміршіге әскери қызмет немесе басқа да 
жұмыстар атқаруы. 
Комсомол – Коммунистік жастар одағы. 
Конгломкрат – әртүрлі заттардың ретсіз жинағынан құралған механикалық қосынды. 
Конституция (лат. constitution – құрылым) – мемлекеттің қоғамдық құрылысын, биліктің өкілдік органдарын 
құру қағидасы мен тәртібін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі 
заңы. 
Контрибуция – соғыста жеңген жақтың жеңілген жақтан соғыс шығындарын өндіріп алу жөнінде салатын 
салығы. 
Контрреволюция – әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына 
келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: 
бүліктер, кастандықтар, Азамат соғысы, саботаж, диверциялар, шетелдік интервенция, блокада. 
Конфедерация (кейінгі лат. confederatio – одақ, бірлестік) – әрқайсысы өз тәуелсіздігін сақтайтын өзінің 
мемлекеттік өкімет және басқару органдары бар егеменді мемлекеттер бірлестігінің формасы. Конфедерация 
мүшелері белгілі бір салаларда барлық мемлекеттердің мүддесіне сай мәселелер мен әрекеттерді үйлестіру 
мен талқылау үшін арнайы органдар құрады. 
Конфискация – сот үкімінің қаулысына сәйкес мемлекет пайдасына жеке мүліктің тәркіленуі. 
Концепция – тұжырымдама, белгілі бір мәселеге немесе құбылысқа қатысты көзқарастар жүйесі. 


Кооперация (лат. ынтымақтастық) – шаруашылықты бірігіп жүргізу, кәсіпкерлікті, ұсақ өндіріс пен 
маусымдық еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі ерікті серіктестік, акционерлік қоғам нысаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет