6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет257/308
Дата07.12.2022
өлшемі3,22 Mb.
#55499
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   308
Байланысты:
Жұбанышев

Басқа қалалық адамдар – 1917 жылға дейін казак әскерлерінің аумағында тұратын казак емес тұрғындар 
(шаруалар, мешандар, саудагерлер) осылай аталған. 
Басқақ – моғол хандарының жаулап алған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге 
тағайындалған адамы. 
Бастауыш мектеп – медресе, мұсылмандардың орта және жоғары оқу орындары. 
Басыбайлы шаруа – Ресейдың 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне 
толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны. 
Басымдық (лат. dominans – басымдық, үстемдік ету) – 1) үстемдік етуші идея; бір нәрсенің негізгі бөлігі 
немесе оның маңызды құрамдас бөлігі; 2) физиологияда – адамның және жануарлардың орталық жүйке 


жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қызу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып
үстемдік көрсетуі.
Бата беру – жақсы тілек білдіру 
Бек – феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы. 
Беклер бегі – ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери 
қызметкер. 
«Бесеудің хаты» - қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы 
Ф.И.Голощекинге жолдаған хаты (1932 жыл 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге арнап жазылған хат қазақ 
зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі саналады. 
Бесжылдық, бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік – 
экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспары 
1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды. 
Бескіл – түрік тілдес тайпа 
Би – әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам. 
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал. 
Боғдыхан – қытай императорының монғол тіліндегі атауы. 
Болос – кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған 
кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет