Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата03.03.2017
өлшемі13,64 Mb.
#5503
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
5503

Өмірді өзгеше өрнектеп

2

3
МАЗМҰНЫ
Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі
    
• 4
Басқарма төрағасының үндеуі
    
• 5 
Жылжымайтын мүлік қоры туралы ақпарат
    
• 7
Құрылу тарихы және акционерлері
    
• 7 
Миссиясы, көздегені, стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
    
• 8 
2014 жылғы елеулі корпоративтік оқиғалар
    
• 9 
Қызметтің негізгі көрсеткіштері 
    
• 12
Қаржы-экономикалық көрсеткіштерді талдау 
    
• 12 
Қызметтің негізгі бағыттары 
    
• 19
I. Компанияның ұзақмерзімді қосылған құнын ұлғайту
    
• 19 
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асыру 
    
• 19 
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруды аяқтау
    
• 30 
II. Құрылыс саласына инновациялар енгізу
    
• 34
Астана қаласында «Жасыл орам» әкімшілік-тұрғын үй  кешенін салу жобасы
    
• 34
Зерттеулер мен әзірлемелер  саласындағы қызмет туралы ақпарат
    
• 36 
Корпоративтік басқару
    
• 38
Корпоративтік басқару  қағидаттары
    
• 38
Тәуекелдерді басқару
    
• 60 
Мүдделер қақтығысын реттеу
    
• 61
Ақпараттық саясат 
    
• 62
Ақпараттық технологиялар саласындағы саясат
    
• 64 
Орнықты даму
    
• 66 
Қоғаммен өзара әрекеттестік
    
• 66 
Қызметшілермен өзара әрекеттестік
    
• 69 
Экологиялық жауапкершілік 
    
• 74
2015 жыл келешектері
    
• 77
Есеп туралы
    
• 79
1-қосымша. Тұрғын үй құрылысы секторын талдау
    
• 79
2-қосымша. 2014 жылдың шоғырландырылған қаржылық есептілігі және        
      
                                 
тәуелсіз аудиторлардың есебі
3-қосымша. GRI стандартты элементтер кестесі
    
• 136 
    
• 92

4
ДИРЕКТОРЛАР 
КЕҢЕСІ 
ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ дамуының жаңа бесжылдық кезеңі 2014-2023 жылдарға 
арналған  Даму  стратегиясын  қабылдаудан  басталды.  Компанияның  Жалғыз  акционері  бастамашылық 
етіп, Елбасы мақұлдаған Трансформация ауқымды бағдарламасының қадалы басымдықтары құрылысты 
тиімді инвестициялаудың маңызды стратегиялық көрсеткіштерінің негізіне  алынды. 
Президенттің  «Нұрлы  жол»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  айтылған  Елдің  Жаңа  Экономикалық 
Саясаты жағдайында Жылжымайтын мүлік қоры өңірлерде тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа сапалы 
деңгейіне шығады.  
Бүгінде  дағдарысқа  қарсы  бағдарлама  бойынша  барлық  міндеттемелер  орындалды,  3  000-нан  астам 
үлескердің  проблемалары  шешілді,  жиырмаға  жуық  қаңтарылған  объект  пайдалануға  берілді.  Қор 
«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасын  белсенді  жүзеге  асырып  келеді,  2014  жылы  бағдарлама 
пулы 455 мың шаршы метр тұрғын үйді құрады. Алғаш рет енгізілген, Пәтерлерді Интернет арқылы өткізу 
тәжірибесі азаматтарға баспана берудің мейлінше ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.  
Елбасының  тапсырмасы  бойынша  біз  Жасыл  экономика  тұжырымдамасын  және  энергия  үнемдеу 
бағдарламасын  іске  асыруға  көштік.  Астанада  ТМД  аумағында  алғаш  рет  озық  экологиялық  және 
энергиялық тиімді технологиялар қолданылатын, ауданы 180 мың шаршы метр «Жасыл орам» әкімшілік-
тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды.
Қордың  операциялық  және  қаржылық  тиімділігін  арттыру  бойынша  көп  жұмыс  жасалды,  2014  жылы 
Қордың таза табысы 1,7 миллиард теңгеден асты. 
Біздің мақсатымыз – салынған капиталды мейлінше қайтару және компания қоржынының құнын арттыру. 
Бұл  бағытта  бизнес-процестерді  реинжинирингтеу,  негізгі  қызмет  көрсеткіштерін  (НҚК)  және  олардың 
стратегияларын  НҚК  бойынша  мақсаттарға  қол  жеткізу  тұрғысынан  қайта  қарау  бойынша  ауқымды 
жұмыстар күтіп тұр. 
Бұл қызметшілер сапасын, ой-өрісін, ділін, басқару мәдениетін өзгертуді талап ететін Трансформацияның 
маңызды  басымдығы.  «Самұрық-Қазына»  АҚ  Басқарма  төрағасы  Өмірзақ  Шөкеев  атап  өткендей, 
«Құнымызды құрай білу біздің ДНҚ-мызда болуы тиіс».
Директорлар кеңесі атынан баршаңызға жаңа кәсіби жетістіктер және өрлеу тілеймін.   
Ж. Мыңжасаров

5
БАСҚАРМА 
ТӨРАҒАСЫНЫҢ
ҮНДЕУІ
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
2014 жылы Жылжымайтын мүлік қоры өзінің алғашқы 5 жылдығын атап өтті. Компанияның ұзақмерзімді 
құнын  арттыруға  бағытталған,  2014-2023  жылдарға  арналған  Даму  стратегиясының  дәл  осы  жылы 
қабылдануы да айрықша мәнге ие оқиға. Біз қызметіміздің жаңа стратегиялық бағыттарын іске асыруға 
кірістік.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының операторлары ішінде бірінші болып, Жылжымайтын мүлік 
қорында  өткен  жылы  электрондық  өтінімдер  қабылдау  арқылы  халыққа  баспана  беру  бағдарламасы 
басталғаны да ерекше жайт. Бұл халыққа баспана берудің ашық, айқын әрі қолжетімді тетігі. 
2014  жылы  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  аясында  Жылжымайтын  мүлік  қоры  халыққа 
Ақтөбе, Тараз қалалары мен Алматы облысынан 60 мың шаршы метрге жуық баспана берді. Шамамен 1 
200 қазақстандық отбасы 15 жылға дейін сатып алу құқығымен жалдамалы пәтер алды.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған бағдарлама аясында Жылжымайтын мүлік қорының 
қоржынында еліміздің 10 өңірінде орналасқан 15 объект бар, жалпы ауданы 692 мың шаршы метр. 
Жалпы  алғанда,  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасын  Жылжымайтын  мүлік  қоры  табысты  іске 
асырып  келеді.  Бағдарламаның  нысаналы  көрсеткіштеріне  сәйкес  Жылжымайтын  мүлік  қоры  желісі 
бойынша 2013-2014 жылдары 150 мың шаршы метр баспана берілуі тиіс, бүгінгі таңда Жылжымайтын мүлік 
қорының қатысуымен 197 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, соның ішінде Жылжымайтын 
мүлік қорына 164,5 мың шаршы метр тиесілі. 
Ұлттық  валютаның  2014  жылдың  ақпан  айындағы  құнсыздануының  құрылыс  материалдары  мен 
жабдықтарына,  сәйкесінше  жобалардың  құнына  теріс  әсер  еткеніне  қарамастан,  Жылжымайтын  мүлік 
қоры салынып жатқан объектілердің белгіленген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес аяқталуын қамтамасыз 
етуде.
2015 жылы Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын объектілерден 150 мың шаршы метр баспана 
берілмек.
Жылжымайтын мүлік қоры жоспарлы қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізді. 2014 жылы компанияның 
таза табысы 1733 млн. теңге болды. 
Компания корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша көп жұмыстар атқарды. «PricewaterhouseC-
oopers» ЖШС-ның тәуелсіз консультанты 2014 жылы Жылжымайтын мүлік қорының корпоративтік басқару 
жүйесіне ізерлеу жүргізіп, оны  71,2% деңгейінде бағалады. 
Жылжымайтын  мүлік  қоры  корпоративтік  басқару  жүйесі  қағидаттарын  сақтай  отырып,  өз  қызметі 
жайындағы ақпаратты мүдделі тараптарға шынайы ашатынын іс жүзінде дәлелдеді. «Эксперт РА «Казахстан» 
рейтинг агенттігі өткізген 2013 жылға арналған жылдық есептер конкурсының қорытындылары бойынша 
Жылжымайтын  мүлік  қорының  жылдық  есебі  екі  жыл  қатарынан  «Қаржы  секторындағы  үздік  жылдық 
есеп» номинациясында үздік деп танылды.
2015 жылы компания өзінің Даму стратегиясын іске асыруды, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен 
форумда  2014  жылдың  қазан  айында  таныстырылып,  іске  қосылған  «Самұрық-Қазына»  АҚ  холдингін 
трансформациялау  аясында  бизнес-процестерді  жетілдіру  мен  оңтайландыруды  көздейді.  «Самұрық-
Қазына»  АҚ  холдингінің  Трансформация  бағдарламасы    үш  негізгі  бағытта  жүзеге  асырылады:  адам 
ресурстарын  басқару  бойынша  үздік  тәжірибелерді  енгізу,  бизнес-процестерді  толығымен  қайта  қарау 
және қолданылатын технологияларды жаңарту.
Жылжымайтын мүлік қорының алдына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялары тобының алдына 
қойылған  міндеттер  ауқымды  әрі  күрделі.  Бұл  компанияның  әрбір  қызметкерінің  күш-жігерін,  қажыр-
қайратын қажет етеді. 
Әріптестерімді – Жылжымайтын мүлік қорының ұжымына, акционеріміз «Самұрық-Қазына» АҚ ұжымына, 
серіктестерімізге еңбегі, қолдауы, табысты ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін.
Б. Палымбетов

6

7
Құрылу тарихы және акционерлері
«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  акционерлік  қоғамы  (бұдан  әрі  –  Жылжымайтын  мүлік 
қоры, Компания) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 265 Қаулысына сәйкес құрылды. 
Жарғыға сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры мыналарды жүзеге асырады:
 

тұрғын және коммерциялық жайлар түрінде жаңа активтерді құрады; 
 

құрылыс объектілерін қаржыландырады, аяқталған немесе салынып жатқан жылжымайтын мүлік 
объектілерінен тұрғын және тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайларды сатып алады;
 

жылжымайтын мүлікті басқаруды (жылжымайтын мүлікті жалға беру, соның ішінде кейін сатып 
алу құқығымен жалға беру, сату, пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу және т.б. жұмыстарды 
ұйымдастыру) қамтамасыз етеді.
Жылжымайтын  мүлік  қоры  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  тіркеу  органдарында  2009 
жылы 19 наурызда тіркелген. 
2014  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай  бойынша  жарияланған  және  орналастырылған  акциялардың 
жалпы саны – 16 247 541  дана. Барлық акциялар қарапайым акциялар болып табылады, соның ішінде бір 
акциясының номиналдық құны 1 000 теңге – 15 000 000 дана, бір акциясының номиналдық құны 4 000 
теңге – 1 247 540 дана, бір акциясының номиналдық құны 2 490 теңге – 1 дана.
Компанияның  бағалы  қағаздарын  ұстаушыларының  тізілімін  жүргізуді  «Бағалы  қағаздардың  бірыңғай 
тіркеушісі» АҚ жүзеге асырады.
Компания  акцияларының  100%-ы  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  акционерлік  қоғамына 
(Жалғыз акционер) тиесілі.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның негізгі стратегиялық бағыттары мыналар:
 

компаниялардың ұзақмерзімді құнын арттыру;
 

ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға қатысу; 
 

әлеуметтік жауапкершілік.
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметі туралы ақпарат www.s-k.kz сайтында ашып көрсетіледі.

8
Миссиясы, көздегені, стратегиялық бағыттары мен 
мақсаттары
Жылжымайтын мүлік қорының 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы Директорлар кеңесінің 
2014 жылғы 20 наурыздағы шешімімен бекітілген. 
Миссиясы 
Қазақстан Республикасының  құрылыс саласын және жылжымайтын мүлік нарығын іргелі мегажобалар 
девелопменті  арқылы  дамытуға  жәрдемдесу,  «жасыл»  технологиялар  қолданылатын  құрылысты 
инвестициялау, сондай-ақ құрылыс саласына инновациялар енгізу.
Көздегені
Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы іргелі мегажобалар девелопменті және инновациялар 
енгізу жөніндегі жетекші компания.
Жылжымайтын мүлік қоры қызметінің 
негізгі стратегиялық бағыттары мыналар болып айқындалды:
I.  Компанияның ұзақмерзімді қосылған құнын арттыру; 
II. Құрылыс саласына инновациялар енгізу.
«Компанияның ұзақмерзімді қосылған құнын арттыру» деген бірінші стратегиялық бағыт бойынша негізгі 
мақсаттар  мыналар:
1)  Мегажобаларды іске асыратын іргелі девелоперге айналу;
2)  Коммерциялық  жылжымайтын  мүлік  девелопменті.  Қоғам  жылжымайтын  мүлік  нарығының  жеке 
меншік  капитал  белсенділік  танытпайтын  сегменттерінде  ғана  коммерциялық  жобаларды  іске 
асырумен айналысатын болады;
3)  Қызмет тиімділігін арттыру. Жобаларды іске асыруға арналған сыни табыс факторы – Қоғамның ішкі 
процестерін, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, қызметшілерді тиімді басқару болып табылады. 
«Құрылыс  саласына  инновациялар  енгізу»  деген  екінші  стратегиялық  бағыт  бойынша  негізгі  мақсаттар  
мыналар:
1.  «Жасыл»  технологиялар  қолданылатын  тұрғын  үй  құрылысы  девелопменті.  Осы    мақсатқа  сәйкес 
«EXPO-2017»  көрмесіне  дайындық  шеңберінде  «Жасыл  орам»  кешенін  салу,  сондай-ақ  «жасыл» 
құрылыс стандарттарына сәйкес сертификатталған «жасыл» тұрғын үй кешендерін салу көзделеді.
2.  Жылжымайтын  мүлік  девелопменті  саласындағы  озық  тәжірибелер  трансферті.  Қоғам  жобаларды 
құрылысқа инвестициялар енгізуде тәжірибесі бар серіктестерді тарта отырып, алған білімдерін бұдан 
кейінгі жобаларды іске асыру кезінде қолдана отырып, жүзеге асыратын болады.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Компаниялары тобының құрылымы
1
1
2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

9
«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС 2010 жылы құрылған. Жалғыз құрылтайшысы – Жылжымайтын мүлік қоры. 
«ЖМҚ Менеджмент» ЖШС қызметінің негізгі бағыты тұрғын және коммерциялық жайларды жалға беру 
болып табылады. 
2013  жылдың  сәуір  айында  «СҚ  Девелопмент»  ЖШС  құрылды.  «СҚ  Девелопмент»  ЖШС  қызметінің 
негізгі  бағыттары  «жасыл»  технологиялар  қолданылатын  тұрғын  үй  құрылысы  девелопменті, 
индустриалдық аймақтар мен бизнес-парктер девелопменті, Қазақстан Республикасында және шетелде 
инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау болып айқындалды.
2014 ЖЫЛҒЫ ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР
ақпан
Компанияның  Директорлар  кеңесінің  құрамы  өзгерді  және  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  саны  4 
адамнан 5 адам болып ұлғайды («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 21.02.2014  № 06/14 шешімі).
наурыз 
1.  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ-ның  2014-2023  жылдарға  арналған  Даму 
стратегиясы бекітілді (20.03.2014 №80 ДК шешімі).
2.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің    31.03.2014    №  286  қаулысымен  «Қолжетімді  баспана-2020» 
бағдарламасына  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  желісі  бойынша  жергілікті 
атқарушы органдардың баспана беру тетіктері бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
сәуір
1.  «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді (Астана қаласы). 
2.  Жалғыз  акционер  2013  жылдың  қорытындыларын  тыңдады,  тыңдау  нәтижесінде  2013  жылдың 
жылдық  есебі,  Компанияның  2013  жылға  арналған  аудиттелген  шоғырландырылған  қаржылық 
есептілігі,  таза табысты бөлу және дивиденд төлеу тәртібі бекітілді.
3.  Компания Басқармасының құрамы өзгерді (15.04.2014  № 81 ДК шешімі).
мамыр
«Ақкент» тұрғын үй кешенінің 4-блогі пайдалануға берілді (Алматы қаласы).
маусым
1.   «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің 1-кезегі 1-кезеңі пайдалануға берілді (Алматы облысы).
2.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014  жылғы  28  маусымдағы  №  728  қаулысымен  Өңірлерді 
дамытудың  2020  жылға  дейінгі  бағдарламасы  бекітілді,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  кейбір  шешімдерінің,  соның  ішінде  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасын 
бекіткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысының күші 
жойылды.  Бұл  ретте  тұрғын  үй  объектілерін  салу  тетіктері,  сондай-ақ  Өңірлерді  дамытудың  2020 
жылға дейінгі бағдарламасының Жылжымайтын мүлік қоры бағыты бойынша салынатын тұрғын үй 
құрылысы  жобаларына  қойылатын  талаптар  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасында  бұрын 
белгіленгендермен бірдей.

10
2014 ЖЫЛҒЫ ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР
қыркүйек 
1.  2014  жылғы  17  қыркүйекте  «Самұрық-Қазына»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  №  113  шешімімен 
«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасы бекітілді.
2.  «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында Алматы облысы, Тараз және Ақтөбе қалаларында 
пәтер алуға веб-сайт арқылы өтінімдер қабылдау басталды.
3.  «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консультанты өткізген корпоративтік басқару жүйесін ізерлеу 
қорытындылары бойынша Қоғамның корпоративтік басқару  деңгейінің үздік тәжірибеге сәйкестігі 
71,21% құрады.
қазан
«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің 1-кезегі 2-кезеңі пайдалануға берілді (Алматы облысы). 
қараша
Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспары бекітілді (05.11.2014 №87 ДК шешімі).
желтоқсан
1.   «Современный» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді (Алматы қаласы).
2.  «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің 2-кезегі 1-кезеңі пайдалануға берілді (Алматы облысы).
3.  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Инновациялық-
технологиялық даму стратегиясы бекітілді (12.12.2014 №88 ДК шешімі).
4.  «Тұрғын  үй  қатынастары  мәселелері  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының    кейбір  заңнамалық 
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  2014 жылғы 29 
желтоқсандағы № 270-V Қазақстан Республикасының  заңнамасы заңы қабылданды (соның ішінде 
«Тұрғын  үй  құрылысына  үлестік  қатысу  туралы»  Қазақстан  Республикасының    заңына  өзгерістер 
енгізілді) 
5.  Жалғыз  акционер  «Жасыл  орам»  жобасын  іске  асыру  үшін  3,3  млрд.теңге  мөлшерінде  уақытша 
қаржылай көмек көрсетті (29.12.2014  №463-и шарт).

11

12
Қаржылық көрсеткіштер
Атауы_өлшем_бірлігі_2012_2013_2014'>Атауы
өлшем бірлігі
2012
2013
2014
Таза табыс
млн. теңге
3 379,3
1 555,9
1 732,9
ROA
%
3,38
1,44
1,36
ROACE
%
3,72
2,29
2,39
EBITDA margin
%
60,6*
-25
-22,2
* Көрсеткіш Компанияның Есептік саясатының өзгеруі нәтижесінде қайта есептелді
Өндірістік көрсеткіштер
Атауы
өлшем 
бірлігі
2012
2013
2014
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы 
шеңберіндегі жылжымайтын мүлік пулы
мың ш.м
115,15
322,1
455
Тұрғын үй құрылысына тартылған жеке 
инвестициялардың үлесі
%
20,7
25,6
25
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы 
шеңберінде жыл сайынғы пайдалануға берілетін 
жылжымайтын мүлік 
мың ш.м
-
23,9
140,6
Құрылыс салушылардың сатып алуындағы 
қазақстандық қамту
%
74
73
81
ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ТАЛДАУ
Компанияның таза табысы 1 732,9 млн.теңге болды. 2013 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 
11%-ға  өсті,  бұл  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  аясында  жылжымайтын  мүлікті  өткізумен 
байланысты.
Таза  табыс  динамикасы  Компания  қызметінің  кезеңділігін  көрсетеді,  бұл  ұзақ  өндірістік  циклдерден 
тұратын құрылыс саласын қаржыландыру ерекшелігімен байланысты. Жылжымайтын мүлік объектілерін 
салу кезеңдері орта есеппен алғанда, 1,5 жылдан 3 жылға дейін созылады. Құрылыс және инвестициялау 
кезеңдерінде  жылжымайтын  мүлік  объектілерін  өткізуден  түсетін  пайда  төмендейді,    шығындарды 
капиталдау ұлғаяды. Негізгі қызметтен түсетін табыстың өсімі объектілер пайдалануға берілгеннен кейін 
ғана байқалады.        
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асырудан Компания алған негізгі табыс 2010-2012 жылдарға келеді. 
«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  аясында  құрылысты  инвестициялау  2012  жылы  басталды. 
«Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  бойынша  жылжымайтын  мүлікті  өткізу  2014  жылдың  екінші 
жартыжылдығында басталды. Аталған Бағдарлама бойынша негізгі табыстар 2015 жылдан бастап күтіледі.
3 273
3 379
1 556
1 733
60,6
60,6
-25
-22,2
-70
-20
30
0
500
1000
1500
2000
2500
3000
3500
4000
2011ж.
2012ж.
2013ж.
2014ж.
Чи
ст
ый
 д
ох
од
 (м
лн
. т
г)
Таза табыс (млн. теңге)
EBITDA margin (%)

13
Жиынтық табыс 2013 жылдың көрсеткішінен 13% артып, 6 886 млн.теңге болды. Табыстың өсуі «Қолжетімді 
баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде жылжымайтын мүліктің өткізілуімен байланысты.
Жиынтық (жалпы) табыс пен шығыстар, млн.теңге 
Атауы 
2012
2013
2014
нақтысы
нақтысы
нақтысы
2013 жылғы 
нақтыға 
қатысты % 
Жалпы табыс 
7 046,8
6 078,1
6 886
113%
Жалпы шығыс
2 875,5
4 059,2
4 734
117%
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар
792,0
463
419
90,5%
Таза пайда (залал)
3 379,3
1 555,9
1 733
111%
Үй-жайларды өткізуден түскен табыс  2014 жылы 2 794,8 млн.теңге болды (2013 жылдан 30% жоғары).  
Үй-жайларды өткізуден түскен табыстың құрылымы, млн.теңге
Атауы
2012*
2013
2014
нақтысы
нақтысы
нақтысы
2013 жылғы 
нақтыға 
қатысты % 
Салынып жатқан жылжымайтын мүлік 
объектілеріндегі төленген алғытөлемді құрылыс 
компанияларына беруден түскен табыс  
1 903,5
-
-
-
Дайын объектілерді сату
142,4
7,6
456,1
6001%
Қаржылық жалдаудан түскен табыс 
954,7
1 021,5
1 103,1
108%
Операциялық жалдаудан түскен табыс 
324,2
321,1
313,6
98%
Құрылыс компанияларын қаржыландырудан түскен 
пайыздық табыс
1 043,4
802,1
507,8
63,3%
Өзге табыс
1,3
0,3
414,2
138067%
Жиыны
4 369,4
2 152,6
2 794,8
130%
* 2012 жылғы көрсеткіштер Есептік саясаттың өзгеруіне байланысты түзетілді
Үй-жайларды  сатудан  және  қаржылық  жалдаудан  түсетін  табыстың  өсуі      2014  жылдың  екінші 
жартыжылдығында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жылжымайтын мүліктің өткізіле 
басталуымен байланысты. 
Өзге  табыс  қарыз  бойынша  дисконт  амортизациясын  («Ақкент»  ТК),  «Жасыл  орам»  жобасына  қатысу 
үлесін сатып алу құқығының әділ бағасын бағалауды, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімақыларды қамтиды.

14
о
Үй-жайларды өткізуден түскен табыстың құрылымы 
 
 
 
2014 ж. 
 
             
         2013 ж.
  Құрылыс компанияларын қаржыландырудан түскен 
пайыздық табыс 
           Операциялық жалдаудан түскен табыс
       Қаржылық жалдаудан түскен табыс
Өзге табыс
Дайын объектілерді сату
Салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілеріндегі төленген 
алғытөлемді құрылыс компанияларына беруден түскен табыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет