6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет252/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ(1)

 
 
 
Тарихи терминдер 
Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы 
Автономия (грек. өзін-өзі басқару) – 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқару; 2) 
бірыңғай Конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. 
Авторитаризм (лат. билік) – қоғамның барлық жақтарын өзі не бағындырған, демократиялық қағмдаларды 
жоятын; жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі. 
Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын 
дағдарыс. Ауыл шаруашылық тауарларының іске аспаған қорларының өсуінен, оларға деген базаның 
төмендеуінен, сұранысқа ие емес ауыл шаруашылық тауарларының бір бөлігін жоюдан, ауыл 
шаруашылығындағы ұсақ және орташа өндірушілердің күйзелуінің жылдамдауынан көрінеді. 
Аграрлық мәселе (лат. agrius) – 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі 
ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе. 
Адамдар тобы – алғашқы адамдардың бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғау үшін әуел бастағы 
ұжымы. 
Адаптация – қалыптасқан жағдайға бейімделу. 
Адат (әдет) (араб. Адат – салт-дәстүр) – құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды. 
Адьютант – әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әртүрлі тапсырмаларды орындайтын офицер. 
Азамат соғысы – бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы, бір-бірімен 
жауласушы жақтардың (азаматтардың) үкімет билігі үшін күресі. 
Азық-түлік салғырты – «Әскери коммунизм» (1918-1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау 
жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған соң енгізілді. Шаруалардың күнкөрісі мен шаруашылық 
мұқтаждықтарына қажет азық-түлік, астықпен басқада өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен мемлекетке 
міндетті түрде өткізу. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет