Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920)
жылдарындағы әлеуметтік-
экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен социалистік
қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.
Әскери-өндірістік кешен –
әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа
әскери өнімдер өндіретін
кәсіпорындар кешені.
Баға – заттың құны, нарқы. Бағаны босату – заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.
Баж (бадж) – отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.
Баж салығы – мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.
Байырғы (автохтонды) халық – бұрыннан тұратын жергілікті халық.
Балама (лат. alter –екінің бірі) – бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана
таңдап алу қажеттігі.
Бал-бал - бабалар құрметіне қабыр басына қойылатын мүсін тас
Барбаросса жоспары – фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық
соғысы жоспарының құпия
атауы.
Достарыңызбен бөлісу: