Көлеңкелі экономика – үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тыс тауар-материалдық құндылықтар
өндіру, арқылы қызмет көрсету. Мемлекеттен жасырылатын заңсыз экономикалық қызмет.
Көпвекторлық – белгілі бір мәселені шешудің алуан түрлі бағыты.
Кредо – біреудің кәміл сенімі, дүниеге көзқарасы.
Кремация – неолит соңында пайда болған, мәйітті өртеп, қалдығын жерлеу ғұрпының бір түрі. Қазақстан
аумағында қазылған обалардан қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалар да кремация дәстүрінің кең таралғанын
байқаймыз.
Кроманьон – адамның эволюциялық дамуы сатысында неандерталь адамынан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас
саналы адам. Бұл адамның қаңқасы 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны
«кроманьондық» деп атайды. Оның миының көлемі – 1500-1800 см
3
, бойы – 1,68-1,94 метр, жасы б.з.б. 40 мың
жыл.
Кулак – ауқатты шаруа.
Кундар немесе командар – венгр тіліндегі қыпшақ атауы.
Купон – бағалы қағаздардан кесіп алынатын талоны.
Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бір түрі.
Күйші – қазақтың ұлт-аспаптық музыкалық жанрын орындаушы.
Достарыңызбен бөлісу: