Жер көріп қайтушылар (ходоктар) – құнарлы жер көріп, таңдау үшін жіберілген шаруалар.
Жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жер үлестерін
біріктіру мен бірігіп еңбек етуге негізделген ауыл шаруашылық кооперациясы.
Жертөле – кейінгі палеолитте пайда болған, жерден қазылған және жыртылатын үйдің ең көне және кең тараған
түрі. Жертөленің шатырына сырғауыл немесе бөрене қойып, үстін топырақ және шыммен жапқан.
Жол жөндеу салығы – көшпелі қазақтардың Сібір казактарының меншігі мен бақылауындағы жерлермен
жүріп өткені үшін төлейтін ақысы.
Жужань – ІV ғасырда Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы.
Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы, мал өлімі індет.
Жүген – ер-тұман әбзелі.
Жүз – бірнеше ұлыстың тайпалар одағы негізінде бірігуі.
Жылу – малының қырылуына байланысты туысқандарынан сұрайтын көмек.
Жырау – жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.
Жікіл – түрік тілдес тайпа.
Зайырлы – діни емес, азаматтық өмір салты, білім – ғылыми білім негіздері.
Зекет –шариғатқа негізделген, хандар мен сұлтандардың пайдасына мал шаруашылығымен айналысатын
шаруалардан алынатын салық.
Зеңгі баба – сиыр малының пірі.
Зиялылар (интеллигенция лат.intelligens – түсінетін, ойлаушы, саналы) – ой еңбегімен, күрделі
шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық
тобы.
Зооморфтық үлгі – діни ұғымға байланысты қиял-ғажайып өнері.
Зороастризм – ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні.
Зороастрлық фарн – ертедегі парсылардың үй жануарларына табынатын наным-сенімдері.
Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін
білдіретін идеялар мен көзқарастар жүйесі.