6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет273/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305
Отарлық саясат – экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер 
мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және 
құлдану саясаты. 
Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. 
Ошақ – тастан немесе саз балшықтан қаланған, үйді жалытуға және тамақ пісіруге арнап от жағатын қасиетті 
орын. 
Өндіріс – еңбек заты (өңделген зат), құрал-саймандар және адамдар күшінің қосылуы. Өндіріс үдерісінде 
адамдардың өзара әртүрлі қатынастарға түсуін – өндірістік қатынастар дейміз. 
Паек – белгілі бір мерзімді күнге арнап тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік. 
Палеолит – б.з.б. 2млн 600 мыңнан – б.з.б. 12 мың жыл аралығындағы ең ұзақ кезеңді қамтитын ежелгі тас 
дәуірі. Палеолитте ежелгі адамның дамуы бірнеше кезеңдерден өтіп, қазіргі адамдар қалыптасты. Бұл кезде тас 
өңдеу әдістерінің жетілуіне байланысты еңбек өнімділігі артып, материалдық және рухани мәдениет дамыды. 
Палеолит ерте, орта (мустье) және кейінгі болып бөлінеді. 
Патриот – Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам. Ол өз Отанының мүддесі жолында кез келген 
құрбандыққа баруға, ерлік жасауға әрқашан әзір тұрады. 
Патриотизм, отансүйгіштік – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген 
сүйіспеншілік сезімі. 
Патша қорғандар – қола және темір дәуірінде аса бай қабірдің үстіңе ағаш, шым, тас және топырақ үйілген 
төбелер. Патша қорғандардың астында үлкен қабір орналасып, жанына бағалы жиһаздар мен алтын бұйымдар 
қойылған. 
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша 
өтініш.
Петроглиф – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет. Петроглифтер кейінгі 
палеолит кезеңінде пайда болған бейнелеу өнерінің ежелгі түрлерінің бірі. 
Пикет – үкіметке талап қоя шыққан ереуілші топ. 
Питекантроп – б.з.б. 1 млн жал бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит дамыды. 
Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы ява аралынан табылды. 
Пленум (лат. plenum – толық) – 1) қандай да бір ұйымның сайланып қойылған басшылық органы мүшелерінің 
толық құрамында өткізетін жиналысы; 2) жоғарғы сот органы барлық мүшелерінің мәжілісі. 
Плюрализм – 1) дүниенің өзара бірлігін жоққа шығаратын, оның негізінде тек бір-біріне тәуелсіз көптеген 
бастамалар жатады деп уағыздайтын философиялық ілім; 2) көптеген әдістердің көзқарастардың
партиялардың, бағыттардың болуы заңды деп танушылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет