Ахмет байт ұ рсын ұ лы ғ алым а ғ артушы



жүктеу 40.73 Kb.

Дата11.01.2017
өлшемі40.73 Kb.

АХМЕТ БАЙТҰ РСЫНҰ ЛЫ –  

Ғ АЛЫМ – АҒ АРТУШЫ  

 

Молдашева А.,  

«Қазақ тілі мен әдебиеті», III курс студенті 

Ғылыми жетекші: 

 ф.ғ.к. Ахметова М.К. 

 

Қазақ  ұлтына  ғана  тән  «қазақ  әліпбиін»  түрлеп  жасап,  қазақ 



тілінде  тұңғыш  кітап  жазған,  тіліміз  бен  әдебиетіміздің  негізін 

өрген, ұлттық мектептердің іргетасын қалаған тарихи тұлға - Ахмет 

Байтұрсынұлы. 

Қазақтың  біртуар  ұлы  Ахмет  Байтұрсынұлы  өзі  өмір  сүрген 

қоғамға,  тарихи  мәселелерге  обьективті,  ғылыми  тұрғыдан  қарай 

отырып,  қазақ  хандығының  құлауы,  дербес  мемлекет  ретінде  тұра 

алмауы,  Ресейдің  қол  астына  өтуін  «Қазақ  өкпесі»  мақаласында: 

(«Айқап»,  1911,  №  2)  «Олжалы  жерде  үлестен  қағылғанымыз, 

ордалы  жерде  орыннан  қағылғанымыз,  жоралы  жерде  жолдан 

қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», - дей келіп, ел мен елді, 

ұлт  пен  ұлтты  теңгеретін  ғылым,  өнер  екенін  айтып,  оқуға, 

ағартушылыққа ден қояды, [1,9]. 

 Елдің  жағдайына  жаны  ашыған  біртуар  тұлға  қазақты  қалай 

тығырықтан  шығаруды  ойлап,  бұдан  тек  өнер  –  білім  үйрену 

арқылы  ғана  құтылуға  болатынын  түсініп,  халықты  сол  жолға 

шақырады.  Сондай  –  ақ  Ахмет  Байтұрсынұлы    оқу  –  ағарту  ісін 

өзінің  азаматтық  міндеті  мен  өмірінің  мақсаты  етіп  санаған.  Ол 

1911  жылдың  өзінде  ұйқыдағы  қазақтың  ұйқысын  бөлетін  маса 

секілді,  халыққа  етене  таныс  бейне  арқылы,  өз  қоғамына 

ағартушылық  бағытының  сара  жолын  салуды  көздегенін  көреміз. 

Сол  сияқты  алға  жылжымай  тұрған  қазақ  халқын  масадай  болып 

ұйқысынан  оятсам,  халықтың  сауатын  ашармын  деп  ойлаған  - 

Ахмет  Байтұрсынұлы,  мұғалімдер,  қоғамдағы  көзі  ашық  жандар 

арқылы білім беруді мақсат еткен. Бұл мақсатын ақын өлең-дерінде 

де, публистикалық мақалаларында да жақсы бейнелейді. 

Ахмет  Байтұрсынұлы  –  әр  тілдің  айдауында  жүрген  қазақ 

балаларына қазақ тілінде  кітап жазған, қазақ  тілінің негізін жасап, 

қазақ  мектебінің  іргетасын  қалаған  тұлға.  Оны  Ахмет 

Байтұрсынұлының  «Қырық  мысал»  (Петербург,  1909),  «Маса» 

(Орынбор,  1911),  «Ер  Сайын»  (Мәскеу,  1923),  «23  жоқтау» 



(Мәскеу,  1926),  «Әдебиет  танытқыш»  (Ташкент,  1926),  «Тіл  - 

құрал»  (I  бөлім.  Фонетика),  «Тіл  -  құрал»  (II  бөлім.  Морфология), 

«Тіл  -  құрал»  (III  бөлім.  Синтаксис),  «Баяншы»,  «Тіл  жұмсар»         

(I, II бөлім. Практикалық грамматика) еңбектерінен көруге болады. 

Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, 

жұмсайтын  қаруының  бірі...  Біздің  заманымыз  –  жазу  заманы, 

жазумен  сөйлесу  ауызбен  сөйлесуден  артық  дәрежеге  жеткен 

заман, [1,11] ». 

Бұдан  Ахмет  Байтұрсынұлының  жазу  сауаттылығын,  жазу 

мәдениетін  қалыптастыруға  үлкен  мән  беріп,  зор  еңбек  сіңіргенін 

көруімізге болады. Өйткені жазу мәдениетін қалыптастыру дегеніміз 

– ойлау мәдениетін қалыптастыру деген сөз. Біздің зама-нымыз жазу 

заманы деуінің себебі: әр дәуірден – дәуірге ауызша сөйлеу арқылы 

тараған ілім өз құндылығын толық сақтай алмайды. Ал жазу арқылы 

ой нақты жетеді, түпнұсқалық сипатын сақтайды. Әр елдің жазуы өз 

ана тілінде өрбісе, ұрпағына жетсе, ол тілдің де ғұмыры зор болары 

хақ.  Ана  тілімізді  өзгеге  жүдеу  тіл  ретінде  көрінуіне  ешқашан  жол 

бермеуіміз  керек,  сондықтан  тіліміздің  мәртебесін  көтеру  үшін,  өз 

тілімізде  оқулықтар  шыға-руымыз  керектігін  анық  білдірген  елдің 

қамын  жейтін  азаматтың  бойынан  отансүйгіштік,  ұлтжандық 

қасиеттер байқалады. 

Ахмет  Байтұрсынұлы    ел  түзеуді,  әуелі  бала  оқыту  ісін 

түзеуден  бастағанды  жөн  деп  білген.  Неге  десек,  болыстық  та, 

билік  те,  халықтық  та  оқумен  түзеледі.  Қазақ  ісіндегі  неше  түрлі 

кемшіліктің  көбі  түзелгенде  оқуменен  түзеледі.  «Бұл  күндегі 

үлкендердің  көбі  біздің  жаңалық  ісімізді  жатырқап,  жаңалық 

пікірімізді  түсінбей,  айтқанымызды  тыңдамай,  істегенімізге 

қосылмай  отыр.  Олар  өтіп,  кейінгі  жастарымыздың  да  заманы 

жетер.  Жаңалыққа  жастар  мойын  бұрып  қайырылар,  халық 

түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай 

тәрбиеленуі  бәрінен  бұрын  ескеріліп,  бәрінен  жоғары  қойылатын 

жұмыс,» - десе, [2,433]. 

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. 

Жұрт ұқпаса – ұқпасын, жабықпаймын, 

Ел бүркіншіл, менікі ертеңгі үшін, - деуі бүгінгі сауатты ұрпақ 

–  ертеңгі  елдің  көшін  бастар  тұлға.  Ахмет  Байтұрсынұлы  қазақ 

балаларын өз тілінде оқыту керектігін, сауаттарын ана тілінде ашу 



міндет  екенін  алға  тартып,  қоғамдағы  қарсылыққа  мән  бермейді. 

Себебі үміт еткен нұры – жастар еді. 

 

«Қазақша  оқу  әлі  бір  белгілі  тәртіпке  келіп  жеткен  жоқ, 



кемшілігі  есепсіз  көп.  Қазақша  оқу  кітаптары  жаңа  ғана  көрініп 

келеді, тәртіппен оқытарлық мұғалімдері аз, оқу программасы жоқ, 

белгілі  оқу  жылы  жоқ,  қазақша  оқуды  аймаққа  бірдей  жеткілікті 

етерлік  жасалған  өрнек  жоқ,  оқыту  ғылымын  үйрететін 

даримұғаллимин (педучилище) жоқ » - деп күйзеледі, [1,9]. 

 

Қазақ  халқы  Ресейдің  қол  астында  болған  кезде  қазақ 



мектептерін  жапқаны  тарихтан  белгілі.  Содан  кейін  қазақтың 

қазақша  оқуына  еш  мүмкіндік  болмады.  Бұл  үрдісті  тоқтатпаса 

қазақ  тілі  тіл  болудан  қалар  еді.  Тілі  жоғалған  ұлттың  өзі  де 

жоғалады.  Демек,  қазақтың  қамын  қазақ  қана  ойламаса,  тіл  тағ-

дыры  қиын  еді.  Мұны  XIX  ғасырда  мәселе  етіп  көтерген  Ахмет 

Байтұрсынұлы  қажетті мектеп ісін, оқу құралдарын қолға алады. 

Ахмет  Байтұрсынұлының  мақсаты  –  қазақ  тілін  жанды  тілге 

айналдыру.  Ол  үшін,  ең  алдымен,  дұрыс  жазылуын  қадағалайтын 

реформа  енгізгенін,  тілдің  сөз  байлығының  шұбарланбауы  үшін, 

өзге тілдің синтаксистік ықпалынан тазарту үшін, әдеби тілдің одан 

сайын  жетіле  түсуі  үшін,  тілдегі  функционалдық  стиль  тілдері 

мәселе, газет  - журнал, ғылым - білім тілдерінің дамуы үшін және 

ана тілінде терминдер қалыптастыруы, қазақ тілінің іргетасы берік 

болуын өзіндік стиль тармақтарының қалыптасуын көздеген. Сонда 

ғана қазақ тілінің тұғырлы боларын білген. Сонымен қатар тұңғыш 

рет  ана  тілімізге  бейімдеп  терминдер  жасаған.  Оның  бір  дәлелі 

ретінде  қазақ  тілінде  жазылған  «Әдебиет  танытқыш”»  кітабында 

қолданылған  термин  сөздерді  атап  өтуімізге  болады.  Мәселен 

қазіргі  таңда  қолданылып  жүрген  «ауыстыру»,  «теңеу»,  «әсерлеу» 

т.б. 


Өркениет  дамиды,  ғылым  өзгереді,  жаңалық  көбейеді.  Әйтсе 

де,  жаһандық  ғылымдағы  терминдер  қолданысқа  енгенде,  сол 

халықтың  тіліне  қызмет  етуі  керектігін,  сонда  ғана  тіл  шұбарлан-

байтындығын Ахмет Байтұрсынұлы білген. Бұл еңбектерінен тілдің 

болашағын ойлағандығын анық байқаймыз. 

Ахмет  Байтұрсынұлы    балалар  мен  ересектерге  «Әліпби», 

«Әліппе  –  астар»,  «Оқу  құралы»,  «Сауат  ашқыш»,  «Тіл  құрал», 

«Баяншы» т.б. еңбектерін арнап, білім шамшырағын лаулатуға зор 

үлес қосты. 

Адамдық диқаншысы қырға шықтым



Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, 

Көңілін  көтеруге  құл  халықтың,-  деген  үзіндіде  ақын  көзі 

ашық,  көкірегі  ояу  жанды,  қырдағы  егінді  баптап  өсіруші,  елге 

нанын  беретін,  халықтың  жақсы  өмір  сүруіне  жағдай  жасайтын 

еңбекшіл  адамға  балайды.  Алайда  білім  алқабының  сусындатар 

мектебі, оқу құралдары сай емес екендігін біліп, соны жетілді-руді, 

оқуға  ынталы,  бірақ  қолы  жетпей  жүрген  қарапайым  халықтың 

балаларына білім беруді мақсат еткенін көруге болады. 

Бұдан  кейін  Ахмет  Байтұрсынұлы    араб  харпіне  негізделген 

қазақ  тілінде  тұңғыш  «Әліп-биді»  өмірге  әкелді.  Шындығында, 

Әліпби – тек сауат ашуға ғана емес, ғылым - білім үйренудің бастау 

көзі екені анық.  

Ахмет  Байтұрсынұлы    өз  қоғамындағы  мәселелерді  талқылай 

келе, шешу жолдарына арналған бағдарламаларын да ұсынады. 

Міне,  осы  орайда  Ахмет  Байтұрсынұлы    «қазақ  мәдениеті 

көгінде жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым - ағартушы болып 

көрінеді,» - деп үлкен философиялық тұжырымды академик Рәбиға 

Сыздықова берген, [2,15]. 

Бізде  қазір  де  төте  оқу  жолымен  оқыта  білетін  педагогика, 

методикадан хабардар мұғалімдеріміз жоқтың қасында. Бас-тауыш 

мектепке керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп пішкен программа 

жоқ.  Сондықтан  қазаққа  қандай  мектеп  керектігін  сөйлегенде,  ол 

мектепке не керек екендігін де айтуы тиіс. 

Бұдан біз Ахмет Байтұрсынұлының оқу – ағарту ісін жолға қою 

үшін  қажет  өзге  де  іс  әрекеттерді  қолға  алған  қайраткер  екенін 

көреміз. 

Ахмет  Байтұрсынұлы    ең  біріншіден  мұғалім  сауаттылығына 

баса назар аударғанын байқаймыз. Мұғалім сауатты, әрі сол білімін 

балаларға  толық  меңгеретін  шебер,  әрі  жанын  түсінетін  психолог 

болуы  керек.  Олай  деуі  мұғалім  –  мектептің  жүрегі.  Ол  –  ел 

баласының білім көзін ашатын бірден - бір маман. 

Міне, бұл айтылғандардың барлығы Ахмет Байтұрсынұлы-ның 

оқу  -  ағарту  жайындағы  ой  -  пікірлерін,  көзқарасын,  тілек  - 

талаптарын  танытады.  Ол  –  халықты  оқуға  шақырған,  білім  – 

ғылымның  қажеттілігін  түсіндірген  жалаң  үгітші  емес,  қазақ 

арасында  ағартушылық  жұмыстарын,  жалпы  мектеп  ісін  жолға 

қоюға  көп  күш  салған,  бала  оқытып,  он  төрт  жылдай  ұстаздық 



құрған қайталанбас тұлға. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Ахмет Байтұрсынұлы. Ақ жол.-Алматы: Жалын, 1991.- 464 бет 

2. Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. 

 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал