6 срсп сейітқұл Айдана Қ. Аманжолов поэзиясындағы өршіл рух, романтизм. Ә. Кекілбаев повестеріндегі психологизм



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі464,57 Kb.
#116795
1   2   3   4
Байланысты:
6 СРСП Сейтқұл Айдана

2.
 
Ә.Кекілбаев повестеріндегі психологизм. 
Қазақ əдебиетінде Ə. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мазмұны мен 
түрі жағынан ерекше шығарма. Ғалымдар тарапынан да психологизм 
тұрғысынан көп зерттеліп келеді. Əдебиеттанушы зерттеушілер де, əдебиет 
сыншылары да бұл роман жайлы оң пікір берген. Роман желісіндегі оқиға 
туралы да көптеген пайымдар айтылған.
Көркем шығармадағы психологизмнің орны жайлы ойланғанда
М.О. Əуезовтің «прозаға психология араласпаса, өзгенің бəрі сылдыр су» 
дегені əуелі еске оралады. Прозадағы əр кейіпкердің сомдалуы, мінезделуі 
психологиямен тығыз байланыста болатындығы жайлы пікірлер де айтылды, 


оқырман тарапынан да шығарманы оқу барысында, қабылдауында осы пікір 
ойда болатыны анық. Көркем прозаның шынайылығын, көркемдігі мен 
үйлесімділігін психологизмсіз тану шығармаға үстірт қарау болып табылады.
Ə. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романында негізгі үш кейіпкердің образын 
олардың сана ағымындағы ойлары мен іс-əрекеті бірлігінде сомдау арқылы 
қазақ прозасындағы психологизмнің озық үлгісін жасайды. Роман барысында 
символ, деталь көптеп кездеседі. Əрбір деталь өзінің орнында үлкен 
көркемдік мəнге ие.
«Аңыздың ақыры» романындағы басты символ – мұнара. Басты үш 
кейіпкерді байланыстырып тұрған да, шығарма желісін тұтастырып тұрған да 
осы символ. Мұнараның тілсіз кейпі Əмірші мен Кіші ханымға жəне Ұстаға 
əр қырынан қарағанда өзгеше сыр ұқтырады. Осы мұнараның салынуы мен 
салынып біткеннен кейінгі басты кейіпкерлерге түрлі ой салуы оқырманның 
өзіне ерекше ықылас танытуына себеп болады.
Романда Əмірші образын автор қатал, жеңімпаз билеуші ретінде 
сипаттауымен қатар пенделік ішкі сырларын психологиялық талдау арқылы 
ашады. Бұл туралы Ə. Кекілбаев романның жазылу себебінің бірі ретінде 
шығыс деспотизміне қарсылық екенін атап өтеді. Бір ғана тұлғаның қолына 
шоғырланып халық мүддесі ескеріле бермейтін жүйені сынайды. Сол 
жүйенің басындағы тұлғаның жан күйзелісін сипаттау арқылы оның ақырын 
баяндайды.
Əдебиеттанудағы психологизм тақырыбы, Əбіш Кекілбаев шығармашылығы 
жəне 110 Əбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы психологизм 
«Аңыздың ақыры» романы туралы əдебиеттанушылар Б. Майтанов, Б. 
Шалабай, Г. Пірəлиева, Ж. Дүйсенбаева, əдебиет сыншылары С. Əшімбаев, 
Т. Тоқбергеновтердің еңбектері пайдаланылды.
Қазақ романындағы психологизм табиғатын ашып, теориялық негізін 
жүйелеген «Қазақ романы жəне психологиялық талдау» еңбегінде ғалым Б. 
Майтанов көркем прозаның поэтикасы, мазмұны мен стилі жəне қазақ 
романының даму кезеңдері мен мінездеу, психологиялық параллелизм, 
диалог, монолог сияқты тəсілдерді жанжақты қарастырған болатын. Сол 
еңбегінде автор психологизмге: «Қаһарманның рухани əлемін, жан сырын 
жеткізу амал-тəсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, 
шығармашылық феномен – психологизм» (Майтанов, 1996: 3), – деп 
анықтама береді. 


Қаһарманның ішкі əлемін суреттеу арқылы бір қоғамның ішкі құрылымын, 
ондағы теңсіздік пен əділетсіздік жайлы үлкен көлемді туынды жасау Ə. 
Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында жүзеге асқанын көруге болады. 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі романды психологиялық талдау арқылы 
өткен тарих мен бүгінді салыстыра отырып адамзаттық құндылықтардың 
романда қандай сипатта баяндалғанын анықтау.
Əбіш Кекілбаев қазақ əдебиетіне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары келіп 
қосылған жазушы. Бұл кез зерттеушілер тарапынан қазақ əдебиетіндегі 
дамудың жаңа белесі ретінде танылған. Осы тұста бір сапта əдебиет əлеміне 
қадам қойған жазушылардың қазақ елінің тарихын, салт-санасын, тұрмыс-
тіршілігін сипаттауда жаңашыл ой-өремен, биік парасатпен, соны талғаммен 
келгенін атап өту орынды. Əбіш Кекілбаев осы бір шоғыр ішіндегі өзгеше 
болмысты, бітімі бөлек қаламгер.
Ұлттық əдебиеттердегі сол ұлтқа тəн белгілер мəдениетаралық қарым-
қатынастың мəдени өресі жоғары түрі. Көркем туынды бір елдің тілінен 
екінші бір елдің тіліне аударылғанда сол жазушының еліне тəн белгі, 
сипаттар қоса аударылу арқылы ел мен ел арасындағы мəдени ауыс-түйістер, 
өнер үйренулер жүзеге асады. Жазушы Əбіш Кекілбаев шығармаларында 
қазақ халқына тəн мəдени, рухани ерекшеліктер молынан кездеседі. 
«Тасбақаның шөбі» əңгімесі, «Күй», «Шыңырау», «Бəйгеторы» повестері, 
«Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары негізінде осы 
белгілерді байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет