3.
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы өнер адамдарының
бейнесі. Абай және оның қоғамы, ортасы.
Романда Барлас атанған ақын Дулат Бабатайұлының прототипі болған.
Бұған дəлел Мұхтар Əуезовтың мыңадай айтқан түсініктемесі;
"... Екі түрлі орынды себеп, дəлел бойынша мен Дулат атын романнан мүлде
өшірдім де, оның орнына жаннан шығарылған, жиын бейне ретінде
суреттелетін Барлас деген ақын қолдандым. Бұның бірінші себебі; 1951
жылы қазақ тарихы мен қазақ əдебиеті тарихын зерттеудегі жіберілген
идеялық саясаттық өрескел қателіктер жөнінен партиялық əділ сын, қаулы-
қараулар туды... Соның бірі осы Дулат, Шортанбай сияқты феодалдық салт-
сананың жоқшыларын зиянды түрде зерттеу болатын"... "Абай" романының
осы тұсында жаңағыдай кертартпа сананың халыққа жат бірнеше
ақындарының атын орынсыз атауды туғызған Дулат соның бірі болғандықтан
өшірем, бұрынғы қатемді түзеу ретінде өшірем.
Екінші себеп, романдағы бейнеленген Дулат образы автордың өзі жасаған,
еркін суреттелген, жазушылық қиялдан туған образ болатын. Абайға жас
кезінде жақсы əсер етерлік халық ақынын көрсетем деп, көп жақсы
сипаттарды жинап шығара жазған болатынмын... Дулат атынан өзім
тудырған тың образды тазартып, арылтып алу үшін бұрын ойдан шығарған
образға енді ойдан шығарған адам атын бердім. Өзім жасаған шартты образ
Барласқа енді өзім жазған ауызша өлеңдер қостым..."
М.Əуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары
бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің əдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы
Дулатты діншіл, хандық дəуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген
теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ əдебиетінің негізгі
проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат
жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, —
деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен
берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді.
Абай халықтың талантын, оның əні мен жырын шын жүректен сүйеді. Оның
Біржанмен кездесуі шығармада өте сəтті баяндалады. Абайдың сазгерлік
өнерін айтпай кету мүмкін емес, Ұлжан анасының ақ сүтімен дарыған əлди
дана Абайға əсерлі сіңген болса керек. «Желсіз түнде жарық айды»
əдемі, келісті əуезбен келтірген. Əрбір сурет Абайдың дала өмірі туралы əр
кездегі түсінігін, көзқарасын танытады. Тұрмыстың талай талқысынан өтіп,
шыңдала ширыққан Абай өзін қоршаған ортаға, шындыққа ойлы да сыншы
көзбен қарайды. Бұрынғы байқағандарының оған енді басқаша болып
көрінетіндігінің сыры да осында. Бірінші кітаптың ең соңында жазушы
кейіпкерінің қаншалықты өскенін образды түрде аңдату мақсатымен оны
тасты жарып, шыңға шыққан шынарға байлайды. «Енді бұл күнде сол шыңға
шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс
пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді». Қаһарлы қысты
да, долы дауылды да елемейтін бұл шынар енді əбден толысып, мəуелі де
саялы бəйтерекке айналуға, ал оның ығында басқа көптеген шынарлар көптеп
өсу керек. Ал мұны бейнелеу – екінші кітаптың үлесі.
Егер бірінші кітап Абайдың азамат ретінде есеюін образды түрде бейнелесе,
екінші кітабы, негізінен алғанда, ақын Абайдың қалыптасуына арналған.
Шығарманың бүкіл өн бойына біз Абайдың өнерін нəрлендірген жəне оны
тудырған себептерді, ақынның белгілі бір шығармаларының қандай
жағдайда, қалайша жасалғанын біліп отырамыз. Өзін ғажайып қызық
ертегілерімен əлдилеген сүйікті əжесі Зереге, аға-сұлтан, ұлықтардың
қайырымсыздығын шенейтін, сырлы терең Барласқа, қаймығуды, қамығуды
білмейтін, тіліп түсер өткір тілді Шөжеге де Абай аз қарыз емес-тұғын.
Абайдың барлық саналы өмірі мен ойлы еңбегі сол сертін орындауға,
халыққа қызмет етуге жұмсалады. Ал осы халыққа қызмет етудің негізгі тура
жолын Абай орыс достарының ақыл-кеңесінен тапты. Михайлов айтқан, елді
ағарту, өнер-білімге үндеу жолы, халықты қанаушыларды кекті жырмен
бауыздау еді. Абай осы жолдан алыстамады. М. Əуезовтің эпопеясын оқып
отырғанда Абай өткен осы жолдың бел-белесін, сыр-сипатын айқын көріп
отырамыз. Жазушы Абайдың Пушкинмен жақындығын алғаш қазақ
ақынының «Дубровскийді» оқып отырған сəтін суреттеу арқылы
аңдатады. Бұл Пушкин өнерінің тереңіне Абайдың жаңадан бет қоя бастаған
кезі. Шығарманың соңғы бөлігінде Пушкин поэзиясымен айырылмастай
табысып, туысып кеткендей болады. Бұдан Абайдың жан-жақты екенін
байқарымыз хақ. Орыс əдебиетін сол кездегі адамның оқуы таңғажайып
дүние. Ол мезгілдің адамдары тіпті ескіше сауат білмеді. Ал Абай тежелген
жоқ, керісінше оқи берді. Мұның есесіне автор орыс адамының үлкен,
жарқын образын жасаған. Ол – Михайлов. Бұл – идеялық тереңдігі,
көркемдік құндылығы жағынан да ірі, тұлғалы образ. Абаймен бірге
толғанып, оған ақыл, кеңес беріп отырады. Ол Абайдың өз тағдырына да
үлкен əсер еткенін, оны дұрыс бағытқа сілтегенін автор нанымды суреттейді.
Михайлов образында автор Абайдың белгілі досы Михаэлистің бейнесін
шебер жасаған. Абайдың Михайловпен кездесулері суреттелетін тұстар –
эпопеяның жарқын, бояуы қою беттері. Абайдың əділетті жақтайтын мінезін,
талантын биік бағалаған Михайлов оның тайыз жатқан жерін де тез таниды,
оған деген ақыл-кеңесін сол арада, сол бағытта дəл əрі нақты айтып отырды.
Михайловпен кездескеннен кейін Абайдың бүкіл өмірінде, көзқарасында,
тіпті психологиясында да көп өзгерістер туындады. Елді өнер-біліммен суару
жолында біршама оқып, ізденген Абай туындының басында шəкірт болып
көрінсе, кейін жанашыр, ұстаз болып бейнеленеді. Осы жолда көп тер төгеді.
Бұл пікірге төмендегі үзінді айғақ болсын.
Абай Гоголь кітапханасына кіргенде, оқырмандардың бəрі тегіс Абайға
қарады. "Залдың бергі шетінде мұртын сəнмен ширатқан, бұйра шашты,
жылтыр жүзді чиновник отыр еді. Əлгі чиновник:
− Бұл не ғажап! Гоголь кітапханасына қашаннан бері түйелер жіберілетін
болған?-деді. Осы тұрпайы əзілді естіген Абай чиновник жаққа салқын
ызамен жалт етіп бір қарады. Зал бəрі күлді. Сонда Абай енді күлкілі мысқыл
жүзбен жігітке бұрылды да, лезде жауап қатты:
− Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, бұнда ол түгілі, есек те отырыпты
ғой! – деді. От ауызды, орақ тілді Абай оқу-ағарту үшін көппен таласып
оқығанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |