6 тақырып. Бухгалтерлік шоттар мен екі жақты жазу Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы және жіктелуі



бет18/21
Дата21.04.2022
өлшемі41,39 Kb.
#31768
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
^M6 тақырып БЕА

Операциялық-нәтижелік шоттар. Операциялық-нәтижелік шоттар арқылы қаржылық нәтижеге жатқызылатын жекелеген операциялардың нәтижелері көрсетіледі. Олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Активті операциялық-нәтижелік шоттарға келесі бөлімшелердің шоттары жатады:

7000 - «Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»;

7100 - «Өнімдерді сату және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар»;

7200 - «Әкімшілік шығыстар»;

7300 - «Қаржыландыру шығыстары»;

7400 - «Басқа да шығыстар»;

7500 - «Тоқтатылған қызметпен байланысты шығыстар»;

7600 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын басқа ұйымдардың зиян сомасындағы үлес»;

7700 - «Корпоративті табыс салығы бойынша шығыстар».



Дт Активті операциялық-нәтижелік шоттың құрылымы Кт

Айналым

  1. Сатылған өнімдердің (жұмыстар, қызметтер, тауарлардың) толық өзіндік құны, (7010 шоты).

  2. Несиелер, бағалы қағаздар, жал бойынша есептелген сый ақылардың сомасы, (7310-7330 шоттары).

  3. Есептен шығарылған негізгі құралдар объектілерінің, құндылықтардың баланстық құны және олардың есептен шығарылуымен байланысты шығыстар, (7410 шоты)

  4. Қайтарылған тауарлар, сату және баға жеңілдіктерінің құны, (6020-6030 шоттары)

Айналым

Шығыстардың өзіндік құнын 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» шотына есептен шығарады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет