Баланстан тыс шоттар Типтік шоттар жоспарындағы басқа шоттардан ерекше болып табылады:
1) бұл шоттарда мәліметтер қарапайым жазу арқылы көрсетіледі, және
2) бұл шоттар ұйымның балансты қалыптастыруға қатыспайды.
Баланстан тыс шоттар – бұл қалдықтары балансқа кірмейтін, баланстан тыс көрсетілетін шоттар. Баланстан тыс шоттар осы ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ осы ұйымда жауапты сақтауда орналасқан немесе уақытша пайдалануға алынған қорларды көрсетеді. Бұл қорларды ұйым меншігіне кіретін қорламен бірге есепке алуға болмайды. Баланстан тыс шоттарға қатысты операциялар екі жақты жазу арқылы емес, бір жақты жазу арқылы көрсетіледі және есепке алынатын объектілер келіп түскенде дебетте, ал есептен шыққанда кредитте көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |