Мысалы, «Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол», «Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы); «Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы); «Кедей болсаң да, арың таза болсын», «Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол», «Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы); «Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары).
Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін» Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді.
Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді».
Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді.
Бұл ой халық даналығында көрініс табады: «Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», «тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы);
«Адалдық пен еңбек сый-құрметке жетелейді, айла мен өтірік масқараға жеткізеді», «Жақсы еңбек етсең жаның да тыныш болады», «Жұмыста туғаның болмайды», «Адал еңбек игілікке әкеледі» (қазақ мақалдары);
«Жас кезіңде – еңбек, қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы);
«Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы);
«Өзенге суды көктем құяды, адамның бағасын еңбек арттырады»
(өзбек мақалы);
«Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы);
«Ақ саусақ адам бөтеннің еңбегін жақсы көреді», «Шеберлік пен еңбек бәріне қол жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары).
Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі. Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді.