6 тақырып. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, тетіктері мен даму институттары. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі. – «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай»



бет5/9
Дата15.11.2023
өлшемі48,71 Kb.
#124108
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 тақырып

Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы.
Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
– қоғамның жетілуі;
тәуелсіздік;
– адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің жариялығы мен ашықтығы;
– мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар.
Қоғамдық бақылау:
1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген институттарын басқару нысандары ретінде болады;
2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі құралдарын білдіреді;
3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру мен біріктіру әдісі болып табылады;
4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік ормаларды орындаудың кепілі ретінде болады;
5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады.
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде, қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға талпыныстар жасалуда. Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет