6. Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дидактика – оқыту және білім беру теориясы



бет13/17
Дата25.11.2023
өлшемі59,71 Kb.
#126813
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Қали Жұлдыз екі шет тілі 12-13

Виртуалды топтық жұмыс – бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді, виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету жолдарын таңдайды. Мысал ретінде синхронды форматтағы (уақыты алдын-ала белгіленеді) және асинхронды форматтағы сауалнама жүргізу, мұғаліммен сыныптастарыңның алдында дайындаған жұмысынды қорғау (чат-конференциялардың көмегімен). Оқытудың бұл әдісі оқушының өзіндік жұмысын жетілдіруді ұйымдастыруда қосымша ресурс ретінде бола алады. Виртуалды сыныптардың техникалық мүмкіндіктері қазіргі уақыт режимінде оқытудың барлық субъектілеріне бейнероликтерді , презантация слайдтарын , үлкен көңіл бөлетін жерлері бар әртүрлі құжаттарды көрсету, алмасу және өз файлдарын пайдалануға рұқсат беру, электронды тақтаны қолдану, барлық қатысушылардан қандай да бір сұрақ бойынша қазіргі уақытта ақпарат жинау, дауыс беру және сауалнама өткізу; тез арада хабарламалар алмасуға (барлық оқитындарға немесе жеке адамдарға рұқсат беру) мүмкіндік береді. Хабарламаларды көру шегі барлық субъектілермен виртуалды әрекеттесу арқылы анықталады. Аудиобайланыс арқылы да байланысқа шығуды ұйымдастыруға болады. Кейбір виртуалды сыныптар құжаттармен біріккен жұмыстар жасауға, виртуалды қол көтеру немесе эмоцияларды көрсету арқылы көңіл аудару механизмдерін пайдалануға, сыныптағы виртуалды кездесулерді жазуға жағдай туғызады.
Бейнеәдіс – бұл ақпаратты көрнекіліктер арқылы қабылдайтын әдіс (оқу бейнефильмдерді пайдалану, бейнетренингтер, аудиториядағы лекция және практикалық жұмыстардың бейнежазбалары, бейнеэкскурсиялар, эксперт-мамандардың видеожазбалары және т.б). Бейнеәдіс келесі міндеттерді атқара алады: білімділік, бақылаушылық, қорытындылау, жүйелілік. Оқу мақсатында бейнежазбаларды пайдаланудың екі тәсілі қолданылады: дайын бейнематериалдарды көрсету және кері байланыс жасау немесе талқылау мақсатында есептерді (жобаларды, тренингтерді және т.б.) шығару барысында жазбаны пайдалану. Кері байланысқа шығуды пайдалану барысында қарауға және тақылау негізіне бейне форматта жазылған сол қатысушылардың іс-әрекеттері алынады.
Блог-әдіс – бұл мәтін, суреттер, мультимедиа, соның ішінде авторлық жазулар (посттар) құрауға мүмкіндік беретін оқушының оқу-танымдық қызметінің әдісі. Бұл қызмет іздеуден, белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинаудан тұрады. Оқытудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар мұғалімдермен оқушылардың әрекеттесуіне ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдай жасайтын арнайы интерактивті педагогикалық технологияларды пайдалану қажетті. Сондықтан, e-learning электронды білім беруді енгізу оқу негізінде педагогикалық үрдісте маңызды құрал болып табылады. Мұндай форматта оқыту интерактивті болуда, ал ал оқу үрдісі перманенттіге айналуда.
Мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер атсалысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды.
Осылайша, e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Ата-аналар қауымы тәрбие мәселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі жергілікті және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Сонымен бірге осы бағдарламаның артықшылығы – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын /сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісі, құрмет тақтасы, ҰТБ-ға дайындығы, қашықтықтан оқыту курстары, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі, т.б. мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.
Бұл оқыту үдерісін автоматтандыру жүйесі біздің мектепте биылғы оқу жылынан іске асырыла бастады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі–оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін– білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс–тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.
E-learnіng жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенімдемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет