8.Жарықтың толқындық қасиеттері Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды . Жарық дифракциясы- жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейдіт негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17 ғасырда италиялық физик жәнн астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді.
Жарық дисперсиясы - ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы толқын ұзындығына тәуелді (сыну көрсеткіші).
9.Жарықтың поляризациясы. Николь призмасы кейбір жағдайларда жарық толқыны тек белгілі бір бағытта ғана тербелуі де мүмкін. Осындай жарық поляризацияланған жарық деп аталады . Өріс векторының тербеліс бағыты мен тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтық поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, оған перпендикуляр жазықтық поляризациялану жазықтығы деп аталады
Жарык поляризациясы - жарыкты электромагниттік толкын ретінде сипаттайтын кубылыс. Егер электр кернеулігі векторынын электромагниттік толкындары тербелісі бір жазыктыкта болса, онда мундай ТОЛКЫН жазык-поляризацияланган деп аталады.
Толкыннын таралу барытынан отетін жазыктык жане осындай жазык-поляризацияланган электромагниттік электр кернеулігі векторы тербелісінін багыты жарык толкынындагы поляризация жазыктыгы не тербеліс жазыктыгы деп аталады
Табиғи жарықты жазықта поляризацияланған жарыққа айналдыру үшін поляроид, яғни Николь призмасын қолданады. Жарық исланд шпаты кристалына түсіп қосарланып сынғанда пайда болатын кәдімгі және өзгеше сәулелердің әрқайсысы толық поляризацияланған сәулелер болғандықтан исланд шпатының кристалын әрі поляризатор, әрі анализатор ретінде пайдалануға болады. Олай болса, исланд шпаты кристалынан әр түрлі поляризациялық призмалар жасалады. Осындай призмалардың бір түрі Николь призмасы деп аталады. Николь призмасының бір артықшылығы, ішіне түскен жарықтың түсі өзгермейді. Бірақ екі призма жабыстырылған канада бальзамынан ультракүлгін сәулелер өте алмайды, сондықтан Николь призмасын тек толық поляризацияланған көрінетін жарық алу үшін ғана пайдаланады. Егер Николь призмасының көмегімен поляризацияланған жарық алатын болсақ, ол — поляризатор, ал поляризацияланған жарық электр векторының тербелу бағытын анықтайтын болса, ол — анализатор қызметін атқарады.