6.3 Жалпы кермектілікті анықтау
Егер талданатын суда кедергі келтіретін иондар болса, сынаманы талдауға жоғарыда айтылған әдістеме бойынша алдын ала дайындайды. Егер талданатын суда кедергі келтіретін иондар болмаса, онда сынамаға 5 см3 аммиакты буферлі ерітінді енгізеді, 5-6 тамшы қара-көк қышқылды хром индикаторының ерітіндісін немесе эрихром қара Т қосып (бұл индикатордың ерітіндісін эрихром қара Т қатты индикаторлы қоспаның бірнеше түйіршектеріне алмастыруға болады), араластырады және жайлап ЭДТА ерітіндісімен шарапты-қызыл түстен көкшіл түске өткенге дейін титрлейді. Трилон Б ерітіндісінің көлемін Vж, см3 деп белгілейді.
Жалпы кермектілікті келесі формуламен анықтайды:
Кж= [мг-экв/дм3]
мұнда Кж – жалпы кермектілік, мг-экв/дм3 ; Vж – титрлеуге шығындалған трилон Б ерітіндісінің көлемі, см3 ; Vсын –тәжірибеге алынған сынама көлемі, см3 ; Сэкв(ЭДТА) – ЭДТА ерітіндісінің нормальдік концентрациясы, г-экв/дм3 (эквиваленттердің молярлы концентрациясы, моль/дм3).
Достарыңызбен бөлісу: |