60. Температураға қарай микроорганизмдерді неше топқа бөледі Әр түрлі температураға бейімделуіне байланысты барлық микроорганизмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бөледі
60. Температураға қарай микроорганизмдерді неше топқа бөледі
Әр түрлі температураға бейімделуіне байланысты барлық микроорганизмдерді психрофильді, мезофильді және термофильді деп үш топқа бөледі.
Психрофильдер, яғни салқын сүйгіш микроорганизмдер, төменгі температурада жақсы тіршілік етеді. Олар үшін оптималь температура +10 градус, минималь -10 градус пен 0 градус аралығында, ал максимал температура +30 градус шамасында болады. Бұл топқа кейбір шіріту бактериялары, зең саңырауқұлақтары, суда тіршілік ететін бактериялар жатады.
Мезофильдер орташа температурада тіршілік етеді. Бұл топқа көптеген сапрофит, шіріту бактериялары, барлық ауру қоздырушы – патогендік микроорганизмдер мен зең саңырауқұлақтар жатады. Бұлардың өсуіне қажетті оптималь температура +30 градус, минималь температура +10 градус,ал максималь температура +43-50 градус шамасында болады.
Термофильдер едәуір жоғары температурада тіршілік етеді, оларды жылу сүйгіш микроорганизмдер деп те атайды. Оларға қажетті оптималь температура +50-60 градус, ал минималь +30 және максималь — +70 — 80 градус шамасында болады. Бұл топқа жататын микроорганизмдер ыстық бұлақтарда, өздігінен қызған дәндерде, шөпте және көңде кездеседі. Олардың көпшілігі +85 градус температурада өлмейді.Осы топқа көрсетілген микроорганизмдерден басқа көптеген топырақ бактериялары, актиномициттер, микроскоптық саңырауқұлақтар жатады