60х84 1-8 Сарыбаев indd


тикалық грамматикалық мағыналы категорияға


бет12/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

тикалық грамматикалық мағыналы категорияға жатқызып жүрген ғалымдар сөз 
таптарын грамматикалық категория дей келіп, оларды сипаттағанда сөз таптарының 
бір ізге түспеген, қайшылыққа толы дәстүрлі жүйеленуін негізге алады. Яғни зат 
есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптарымен қатар тұтас түрленуі жоқ, іші-
нара түрленетін есімдіктерді де, мүлде басқа негіздемелермен жеке сөз табына 
жатқызылып жүрген, біртұтас түрлену категориялары жоқ одағай, еліктеуіш 
сөздерді де, үстеулерді де (бұл арада аналогия ретінде қазақ тілінің грамматикалық 
сипаты алынып отыр – Б. М. ) сөз таптарына жатқызады. А. М. Пешковский сөз 
таптары категориясына тоқталған кезде сөздерді сөз таптарына топтастырудың өзі 
«лингвистикадағы алогизм» деп біледі. 
Сөз таптары психологиялық та, логикалық та категорияларға жатпайды, себебі 
психология да, логика да, философия да жеке категориялық құндылықтарды түсін-
діргенде ұғым ретінде сөз таптарына сүйенбейді, сондықтан бұлар тек қана грамма-
тикалық, яғни лингвистикалық ұғымдар болып табылады. «Сөз таптары бір-бірімен 
деривациялық байланысқа түсуі мүмкін. Деривативтік байланыстар әр басқа сөз 
таптарының лексемаларын бір-бірімен өзара байланыстыра алады. Мұндай кезде 
сөзжасамдық транспозиция процесі өтеді және негізгі сөз табының морфологиялық 
категориялары туындаушы сөз табына ауыспайды. Мысал ретінде айтқанда, заттан-
ған сын есім сын есімнің категорияларымен түрленбейді. 
Морфологиялық транспозицияға тән болып саналатын сөз табының аралық де-
ривативтік қатынастары бір сөздің формаларын байланыстырса, онда кейбір мор-
фологиялық категориялар туынды формада сақталады. Л. В. Бортэ бір сөз табынан 
жасалған лексемалардың деривативтік тізбегін ерекше лексика-грамматикалық па-
радигма деп жеке қарастырады. Дегенмен морфологиялық және лексика-граммати-
калық парадигматикалардың арақатынасы аз зерттелген, жүйеленбеген» [4]. 
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, 
атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деген үш топқа бөлінеді. Атал-
ған сөз таптарының ішінде ерекшеленіп тұратын одағай жәнееліктеуіш сөздердің 
қазақ тіл білімінде зерттелуі академик Ш. Ш. Сарыбаев есімімен тығыз байланыс-
ты. Бірақ академик ағамыз ғылыми этикадан аттап кетпей, «Еліктеуіш сөздерді ең 
бірінші рет арнайы зерттеген доц. А. Ысқақов болды», – деп анық айтады [5, 337-
б.]. Ғалымның грамматика бойынша жазған еңбектеріне: «Қазақ тіліндегі еліктеуіш 
сөздер», «Междометие в казахском языке», «Одағай», «О местоимениях тү, тү-
неу» және еліктеуіш сөздер құрамында қарастырылған «Еліктеуіш сөздердің қос 


30
сөз жасаудағы ролі» деген еңбектерін атап өтуге болады. Бұл сөздер тобының, 
яғни еліктеуіштердің ерекшелігін ғалым ертеден байқап: «Қазақ тілінде басқа сөз 
таптарындағы сөздердің фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтан 
ерешеленіп, өз алдына дара тұрған 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет