60х84 1-8 Сарыбаев indd


тарс етті, борс етті, гүр етті, шомп етті, жы-


бет13/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   179
тарс етті, борс етті, гүр етті, шомп етті, жы-
мың-жымың етті, талтаң-талтаң етті дегендегі тарс, борс, гүр, шомп, жымың-
жымың, талтаң-талтаң сияқты көру, есту қабілетінен пайда болған мыңға жуық 
сөз бар», – дейді [5, 335-б.]. 
Бұл сөздердің ерекше қасиеттеріне 
1. ойды дәл жеткізу; 
2. әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат беруін; 
3. көркем әдебиетте көп кездесуін жатқызады. Яғни аталмыш сөздер әдеби тілдің 
әдеби стиліндегі жиі қолданылатын сөздерді құрайды. 
Еліктеуіш сөздердің юмор, мысқыл, әжуа, күлкі тудыратындықтан, ғылыми 
стильде, ресми і-қағаздар стилінде кездеспейтіні мәлім. Еліктеуіш сөздерді грамма-
тикалық категориялары мен ерекшеліктері болмағандықтан, ғалым оларды семан-
тикасына қарай: дыбыстық; бейнелеуіш деп екіге бөледі. 
Дыбыстық бейнелуіштерді: 
а) табиғат құбылыстарының дыбыстарына (желдің уілі, жапырақтың, қамыстың 
сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, т.б. 
), заттардың қозғалысынан пайда болған
ә) адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстары (түшкіру, пысылдау, күлу, 
қырылдау, т.б. ); 
б) түрлі хайуан, аң-құстардың дыбыстарына еліктеуден пайда болған дыбыстар 
деп бөлініс жасайды. Осы бөлініс кейінгі зерттеулерге негіз болғаны рас және тіл 
білімі тарихындағы еліктеу теориясына қатысты қазақ тіл біліміндегі алғашқы ізде-
ніс ретінде бағалауға болатын зерттеуге де жатқызу орынды. 
Ал бейнелуіш сөздер адамдардың, хайуанаттардың сыртқы көрінісін бейнелеп 
көрсететін, не олардың қимыл-әрекетін бейнелеп көрсететін еліктеуден пайда бол-
ған сөздер екенін айта отырып, мағынасына қарай: а) қимыл процесінің бейне-си-
патын білдіретін (алшаң, бүгжең, бортаң т.б. ); ә) қимылмен байланысты емес, 
адамның, заттың сыртқы көрінісіне байланысты дода-дода, ез-ез, дал-дал деп топ-
тап, бөледі. 
Еліктеуіш сөздердің тағы бір қасиеті ретінде сын есімнен болған бейнелеуіштер-
дің екінші компоненттің дыбыстық өзгеріске түсетінін (қараң-құраң), осы топқа 
етістіктерден жасалған еліктеуіштердің де жататынын, олардың етістіктің бұйрық 
райына 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет