5
Төлепбаев күлудің орнына жалма-жан Әбдуәлиге дереу телефон соғып «Мына
орынбасарыңды жұмыстан босату керек» депті.
Шөкеңнің тағы бір қасиеті жинағыштық болатын. Кезінде Шоқан, Абылай тура-
лы деректер жинап жүретін, «Қайрат» футбол командасы туралы кітапта шығарды,
баласынын атын Қайрат қойды.
Төсбелгі медальдарды да жинап жүретін, тіпті әртүрлі басылымдардан дәрігер-
лік кеңесті де жинады. «Бұл неге керек?» деп ойлап жүруші едім, бір кезде өзіме
пайдасы тиді. Менің аяғыма «шпор» деген ауру пайда болып дәрігерден дәрігер
қоймай жаза алмай жүр едім, соны Шөкеңе айтқанымда, сол жинағынан дәрігерлік
кеңес тауып берді, сол кеңес бойынша бір аптада аяғымды жазып алдым. Бұл жи-
нақты медициналық мұражай сұраса да, бермеген екен.
Менің Шөкең туралы көбірек білуіме екеуіміздің Бішкектегі докторлық диссер-
тация қорғау кеңесінің он жылдай мүшесі болуымыз болды. Бізді айына екі рет ке-
ңеске шақырып, өздері алып кетеді. Шөкең машинаның алдына отырып алып бар-
ғанша, келгенше жүргізушіге анекдот айтады. Артында отырған мені қайта-қайта
айтылған анекдот жалықтырады. «Бұны кеше де айттыңыз ғой десем, «Ол басқа
жүргізуші ғой» – дейтін. Бішкекке барғанда міндетті түрде «Ай – Шурек» дүкеніне
соқпай кетпейді, ештеңе алмаса да бір қарап шығады.
Жалпы Шөкеңнің кәсіпкерлікке тән қылық болатын. «Қызметтен бос уақытыңыз-
да қайда демаласыз?» деп сұрағанда, «Көк базарға барамын» дегенде таң қалғаным
бар. Онда да тауарлардың бағасын қарап, басқа жердегі тауарлармен салыстыруды
ұнатады екен. Оны ол нағашыларының татар, башқұрт саудагерлері болғанынан кө-
реді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: