60х84 1-8 Сарыбаев indd


ұлы ғалым, ұлағатты ұстаз


бет3/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
ұлы ғалым, ұлағатты ұстаз. 
Құрметті конференцияға қатысушылар! Бүгінгі алқалы жиында ғылым мен бі-
лімнің өзекті мәселелері сөз болады деп сенемін. Конференцияға қош келдіңіздер!
Е. Қажыбек
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
директоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филол. ғ. д., профессор


4
ҰЛЫ ҒАЛЫМ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
КӨҢІЛДІ ЖҮРУДІ ҰНАТАТЫН
Әбілқасымұлы Б. 
филол. ғ. д., профессор
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 
бас ғылыми қызметкері
Шора Шамғалиұлымен жарты ғасырдан астам қызметтес, аралас-құралас бол-
дық. Алғашқыда аға-іні болып жүргенмен, кейін замандас, дос болып кеттік. Инс-
титут өз алдына шаңырақ көтеріп шыққан кезде Шөкең «Тіл тарихы және диа-
лектология» бөлімінің меңгерушісі болатын. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап 
жүрген жігіттер кандидаттық диссертация қорғап диалектолотардың саны көбе-
йіп кетті де өз алдына бөлім болуына мүмкіндік жасады. Шөкеңнің жетекшілігі, 
кеңесшілігімен көптеген кандидат, докторлар әр жерде оқу орындарында жұмыс 
істеді. Диалектологияның жеке ғылым саласы ретінде дамуына жол ашылды, сөз-
діктер шықты, монографиялар жарық көрді. 
Бөлімнің жабылуымен байланысты 1990 жылдары бұл саладағы зерттеу қожы-
рады. Өкініштісі қазір институтта бірде-бір диалектолог ғалым қалмады. Шора 
ағамыздың ерекше қасиеттері көп еді. Оның жүрген жері әзіл-қалжыңға толы бо-
латын. Өзі күлмесе де жұртты күлдіртіп отыратын. Шөкең сәл нәрседен күлкілі 
әңгіме құрастыра алатын. Мәселен өзінің кітабын менің аспирантым Шара Мә-
жітаеваға бергенде «Шаре от Шори» деп жазып беріп жұртты күлдіргені бар. Ол 
көңілді жүруді ұнататын, той-жиындарға барарда ән мәтінін машинкаға көбейтіп 
алып баратын. Отырыста әнді өзі бастап, мәтінін білмеймін дегендерге қағазға 
шығарып таратып беруші еді. Шөкеңнің айтатын сайқымазақтары (анекдоттары) 
туралы әр жерде көп жазылды ғой деймін. Мен соның бір-екеуін еске түсірсем 
деймін. 
Шөкең Институт директорының орынбасары болып жүргенде, ауруының он-
шақты түрін айтып «Мені жұмыстан босатуыңды сұраймын» деп арызын апарып-
ты. Әбдуәли оған «Бұндай аурулармен жұмыс жасай беруге болады» деп жауап 
беріпті. Шөкең тағыда екінші рет «Енді бұрынғы аурулардың үстіне өзіммен өзім 
сөйлесетін болдым» деп арыз апарып берсе, Әбдуәли бұл арызға «Мына ауру ал-
жасудың алды екен, демек жұмыстан босату керек» деп жауап қайырыпты. Бұл 
екеуінің арасындағы құрдастық қалжың болатын. Сол орынбасар кезінде Әбдуә-
лиді Вице-президент Төлепбаев шақырып, Әбдуәли орнында болмағасын Шора 
барыпты. Төлепбаев амандасқаннан кейін Шорадан «Не жаңалық бар?» – деп сұ-
рапты. Сонда Шөкең «Жұрт аузында мынадай жаңалық пайда болыпты. Сіз ЦК-ға 
кетеді екенсіз. Сіздің орныңызға Зәки Ахметов келеді екен, Зәкидің орнына Әб-
дуәли барады да, Әбдуәлидің орнына мен директор болады екем» – дегенде, бұған 


5
Төлепбаев күлудің орнына жалма-жан Әбдуәлиге дереу телефон соғып «Мына 
орынбасарыңды жұмыстан босату керек» депті. 
Шөкеңнің тағы бір қасиеті жинағыштық болатын. Кезінде Шоқан, Абылай тура-
лы деректер жинап жүретін, «Қайрат» футбол командасы туралы кітапта шығарды, 
баласынын атын Қайрат қойды. 
Төсбелгі медальдарды да жинап жүретін, тіпті әртүрлі басылымдардан дәрігер-
лік кеңесті де жинады. «Бұл неге керек?» деп ойлап жүруші едім, бір кезде өзіме 
пайдасы тиді. Менің аяғыма «шпор» деген ауру пайда болып дәрігерден дәрігер 
қоймай жаза алмай жүр едім, соны Шөкеңе айтқанымда, сол жинағынан дәрігерлік 
кеңес тауып берді, сол кеңес бойынша бір аптада аяғымды жазып алдым. Бұл жи-
нақты медициналық мұражай сұраса да, бермеген екен. 
Менің Шөкең туралы көбірек білуіме екеуіміздің Бішкектегі докторлық диссер-
тация қорғау кеңесінің он жылдай мүшесі болуымыз болды. Бізді айына екі рет ке-
ңеске шақырып, өздері алып кетеді. Шөкең машинаның алдына отырып алып бар-
ғанша, келгенше жүргізушіге анекдот айтады. Артында отырған мені қайта-қайта 
айтылған анекдот жалықтырады. «Бұны кеше де айттыңыз ғой десем, «Ол басқа 
жүргізуші ғой» – дейтін. Бішкекке барғанда міндетті түрде «Ай – Шурек» дүкеніне 
соқпай кетпейді, ештеңе алмаса да бір қарап шығады. 
Жалпы Шөкеңнің кәсіпкерлікке тән қылық болатын. «Қызметтен бос уақытыңыз-
да қайда демаласыз?» деп сұрағанда, «Көк базарға барамын» дегенде таң қалғаным 
бар. Онда да тауарлардың бағасын қарап, басқа жердегі тауарлармен салыстыруды 
ұнатады екен. Оны ол нағашыларының татар, башқұрт саудагерлері болғанынан кө-
реді. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет