60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет85/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

төрайым, төраға сөздеріне байланысты. Бұл турасында: 
«Төраға, төрайым сөздерінің маңында әлі күнге дейін бірауызды пікірге келе алмай 
жүргеніміз шындық. Дәл осы сөзге байланысты қазақ тілінің тағы бір ерекшелігі на-
зардан тыс қалып бара жатыр. Ол ерекшелік – тілімізде тек (род) категориясына байла-
нысты қазақ тілінің грамматикалық көрсеткішінің болмайтындығы... . Соған қарамас-
тан төраға, төрайым сөздерін бастықтың жыныс ерекшелігіне қарай қолданып жүрміз. 
Айталық Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бірінші бастығы 
әйел адам болып еді, төрайым аталды, «Асар» партиясының жетекшісі де әйел адам 
болғандықтан, төрайым болып отыр. Ал Орсайкомның басшылығына ер адам келіп еді, 
төраға лауазымын иеленді... . Төрағалық ететін шығар. Тегінде, терминжасау, мекемеге 
лауазымға атау беру мәселесінде ешқандай эмоцияның араласы болмауға тиісті. Оған 
жол берілген жағдайда мұндай төрайымдар бағыныстыларының жас айырмашылықта-
рына байланысты төртәте, төрапа, төрәже аталып кетуіне шүбәлануға болмас. Ал төра-
ға сөзін ешкім эмоция арқылы өзгеріске түсіре бермесі анық, себебі басшылық атауы 
ретінде бұл сөздің халық тілінде өміршең болып кеткендігі соншалық – ол сөз қабыл-
данып, сіңісіп кеткен уақыт ішінде қаншама ұрпақтың ауысқанын есептеудің өзі қиын. 
Осы ұстаным бойынша қызметкердің жыныс ерекшелігіне қарамастан, аға оқытушы, 
аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға сатушы, аға есепші, аға тәрбиеші, аға лей-
тенант, аға сержант сияқты қалыптасып кеткен атақтар мен лауазымдарды өзгерте 
беру қисынға келе бермейді», – деген еді [2, 307-б.]. 
Сол төрайым сөзі бүгінгі таңда ақиқат қолданыста бар ма? Ресми іс-қағаздарда тө-
райым деп жазуды жиі ұшырата қою қиын. Төрайым мен төраға сөзі жаны сірі пред-
седатель сөзінің баламасы ретінде қолданысқа ене бастағанда кешегі жас, бүгінгі аға 
буын қатты қуанғаны рас. Сондықтан біразға дейін кейбір іс қағаздарында төраға мен 
төрайым жарыса қолданылғанмен, кейіннен төраға тілдегі өз орнын алды. 
Бірақ сол кездерде сөз болған выпускающая кафедрашығарушы немесе бітіртуші 
кафедра болып, ресми құжаттарда қолданыс тауып кетті. Бұл турасында да академик-
тің: «студент-выпускник-ті шығушы студент деп атаудың ерсілігі сияқты, выпускаю-
щая кафедра –ны бітіртуші кафедра деп, әріп қуаламай, маман даярлаушы кафедра 
деген ақылға сыйымды көрінеді» (сонда, 305-б.) деген пікірі ескерілді ме? ЖОО-ларда 
бітіруші кафедра да, шығарушы кафедра да құжаттарда кездесетіні жасырын емес. Ал 
выпускающая кафедра-ның дұрыс баламасын қолданатын уақыт жетті. 
Қорыта келгенде, тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне жаңа технологиялар заманында 
бұрынғыдан да жіті қарау, бақылап отыру, зерттеу, зерделеп отыру – қажет. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет