175
– кеңес өкіметі тұсында қуғын-сүргінге (репрессия) ұшыраған қаламгер шығар-
малары, ауыз әдебиеті мұралары, тарихи жырлар жарық көріп, көне сөздер тілдік
қолданысқа енді. Мысалы,
дәулет, ашалаң, азбеніш, дәріпті, т. б.
– абстракт ұғым атауларының сөзжасамдық қабілеті артты: әкімгерлік, заңгер-
лік, бірдейшілік, жеркүзетшілік, бәсеңшілдік т. б.
– етіс жұрнақтарына тән сөзжасамдық қасиет бұрынғыдан күшейе түсті: әрта-
раптандыру, ғаламдастыру, ақпараттандыру, демократиясыздану, т. б.
– бір топ сөздердің тіркесімділік қабілеті артып, мағыналық өрісі кеңейе түсті:
төлтума оқулық, кешенді тестілеу, азаматтық қоғам, балама ұсыныс, бағаның
ырықсыздандырылуы, зияткерлік меншік, ашық қоғам, азаматтық неке, азамат-
тық бірегейлену, видео нұсқа, электронды нұсқа т. б.
– «будан» (гибрид) сөздер қатары көбейе түсті:
трансұлттық, автошеру, көппа-
латалы, телеарна, велошабандоз, аудиожазба, микрожоба, посткеңестік, т.б.
– аралық, – ішілік, – қағаз, – хат, – көп, – жай т. б. сөздердің бейлексикалану үр-
дісі дінаралық (татулық) конфессияаралық, мемлекетаралық, телефонхат, көптілді,
көпұлтты, көпсалалы, иелікжай т. б.
XIX ғасырдың 2-жартысында пайда болып, дамыған қазақ баспасөзі тілін зерт-
теу ісі XX ғасырдың ортасында қолға алына бастады. Қазақ баспасөзінің тілін
зерттеуді алғаш қолға алған тілші-ғалым Н. Қарашеваның еңбегінен басталады
[2]. Сондай-ақ, баспасөз тілін зерттеу ісін толықтыра түскен тілші-ғалым Б. Әбіл-
қасымов [3] пен С. Исаевтардың [4] да еңбегі зор.
Тәуелсіздік тұсында қазақ баспасөзі тілін зерттеу ісі өз жалғасын тапты. 1970-
1990 жылдарға дейінгі қазақ бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі жаңа сөз қол-
даныстарды зерттеу нысанына алған тілші-ғалым А. Алдашева «Қазақ лексика-
сындағы жаңа қолданыстар» атты кандидаттық диссертация қорғады [5]. Газет тілі
лексикасы, дәлірек айтқанда, жаңа қолданыстардың талдаған ізденушінің бірі Қ.
Қадырқұлова [6] болғанын айтып өткен жөн. Бұл бағытта газеттің лексикасын ар-
найы зерттеген Б. Момынованың [7], қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі
тілін зерттеген О. Бүркіттің [8] еңбектері де бар.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: