Андергрáунд және андегрáунд(ағыл. underground – астыртын, жасырын; under – асты, төмен, ground – жер, алаңқай, еден) – жалпы мәдениетке, мейнстрим мен
ресми өнерге қарсы қойылатын, заманауи өнердегі (музыка, әдебиет, кино, бейне-
леу өнері және т. б.) шығармашылық бағыттар жиынтығы. Андеграунд өзіне өнер-
дің цензура тыйым салған бейформалды, тәуелсіз немесе тыйым салынған түр-
лерін қамтиды. Андергард ретінде басталған өнердің көптеген түрлері мен шы-
ғармалары уақыт өте келе әйгілі әрі жалпылық болатындықтан, андерграунд пен
мейнстрим арасындағы шегара әрқашан өзгермелі.
Андро́ид (Android ([ˈandrɔɪd]; грек. ἀνήρ – адам, еркек + -oid – қосымша; адамға
ұқсас робот ; «Андро́ид») – смартфон, планшет, электрондық кітап, цифрлы күй-
табақ ойнатқыш, қолсағат, фитнес-білезік, ойын приставкасы, ноутбук, нетбук,
смартбук, Google Glass көзілдіріктері, теледидар және басқа да қондырғыларға ар-
налған операциялық жүйе (2015 жылы автомобил ойын-сауық жүйелерімен тұр-
мыстық роботтарды қолдау пайда болды).
Бан, банға жіберу. Бан (ағыл. ban, /bæn/ – тыйым салу, заңсыз деп тану) – Ин-
тернет пайдаланушылардың әрекетін бақылау тәсілдерінің бірі. Мүмкіндік ин-
тернет-сайтты хабарламалар ресурс жұмысының өнімді істеуіне зиян келтіретін
троллдардан, спамерлерден, вандалдар және басқа да тұлғалардан қорғау мақса-
тында енгізілсе керек. Мұның астарында «ұнамаған хабарламаны жойып жіберу»
мағынасы да жатыр.
Баннер – (ағыл. banner – ту, транспорант) жарнама сипатындағы графикалық
кескін. Баннерлер клиенттерді тарту, хабарландру немесе жағымды бедел қалып-
тастыру үшін және орналастырылады. Ертеректе баннер белгілі бір әскердің басты
туы ретінде көрініс тапқан
. Баттл (ағыл. battle – соғыс, ұрыс, «бэттл» деп айтылады) – екімыңыншы жылда-
ры ағылшын тілінен енген неғұрлым мағынасыз, десек те сәнді кірме сөз. «Тартыс,
ұрыс» көне сөз болса, «баттл» – өте сәнді әрі жастардыкі. Көбіне «баттл» сөзі зама-
науи сленгте «конкурстар» не «жарыстар» орнына қолданылады. Мысалы – «рэп-
баттл». Ал қазаққа тән баттл – өзіміздің төл өнеріміз – айтыс.