64. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттықкүресі. Бұланты, Аңырақайшайқасының тарихи маңызы.
Жоңғарлар 1725 жылы Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады.
65. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың басталуы.
1718 ж Тәуке хан қайтыс болғаннан соң, хандық ішінде ішкі алауыздықтар пайда болды. Тəукеден кейін Қазақ хандығы іс жүзінде жеке-жеке хандықтарға бөлінді. Жүздердің əрқайсысы жеке хан сайлауға көшті, ал ұлыстарды басқарып отырған сұлтандар сол хандарға тікелей бағынды. Жолбарыс Ұлы жүздің (1720—1740 жж.), Қайып (1716—1719 жж.), сосын Сəмеке (1719—1734 жж.) Орта жүздің, Əбілхайыр (1718—1748 жж.) Кіші жүздің хандары болды.
Ресей қазақтар арқылы жоңғарлар мен башқұрттарға күш көрсетуге немесе əлсіретуге мүмкіндік аламыз жəне Орта Азия халықтарын бағындыруға жеңілдік туады деп есептеді.1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатта былай жазылған: біріншіден, қазақтар патшаға берік болса жəне де салық төлеп тұруға уəде берсе, екіншіден, Ресей азаматтары қазақтарды енжітпесе, қорлық көрсетпесе; үшіншіден, қазақтарға біреулер шабуыл жасаса, Ресей империясы оларды өз азаматтарындай қорғаса, төртіншіден, тұтқынға түскен орыс азаматтарын қайтарып, башқұрт жəне де қалмақтармен тату-тəтті боламыз деп қазақтар уəде беріп отырса, біз оларды Ресей империясының қол астына аламыз да, оның боданы деп есептейміз. 1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Атақты мейманды бастап жүруді Əбілқайыр хан үлкен баласы, тəжірибелі жауынгер,əкесінің қызметін түгелдей қолдаған Нұрмұхамед Əли Баһадүрге(Нұралыға) тапсырды. Алайда Ұлы даланың тілі де, əдет-ғұрпыда жақын, түсінікті болған бұрынғы татар мырзасының күрделі дипломатиялық мансабының алғашқы қадамдарының өзі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың зор қарсылығына ұшырады. Олар орысқа бодандық туралы естігілері де келмеді, «ханды соқыр тиын сияқты да көрмеді» тіпті оны өлтіруге тырысқаны туралы дерек бар. Осы жағдай Əбілқайырдың Ресей патшасына елшілерді билеуші топтармен жəне халықпен ақылдаспай жібергендігін дəлелдейді. Ал Тевкелев болса өз басының пайдасын ойлап келген адам, сондықтан ол өз мақсатын орындау үшін қазақтың кейбір ақсақалдары мен билеріне мол сыйлықтар беріп, алдап-сулап əрең көндірген деп жазады тарихшы С.Асфендияров. А.И.Тевкелев күнделігіне 2 жылға жуық уақыт бойы үнемі өлім қаупіне бас тіге жүріп, аштыққа шыдап, бүкіл қабілетін жұмсап, бүкіл орданы көндіргенін жазды. Бірінші болып бодандыққа Əбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27ақсақал ант берді. Сонымен қазіргі кейбір басылымдарда жазылып жүргендей бастапқыда антты 27 емес, ханнан басқа 29 адам бекітті. Бодандықты қабылдаған Əбілқайыр Ресей империясының шығыс шекарасын, орыс көпестерінің сауда керуендерін қорғауға, орыс мемлекетіне əскери көмек көрсетуге, бағалы терілерден салық төлеуге уəде берді. Бірақ бұл уəделердің бəрі толық орындалған жоқ. Сонымен қатар Əбілқайыр, патша өкіметінен өз ұрпағында хандық биліктің қалуын, іштен жəне сырттан қиындықтар туа қалған жағдайда, өзіне тірек жəне қорған болатын Ор бекінісін салуды талап етті. Əбілқайырдың бұл талаптарына патша өкіметі үлкен мəн бермеді, себебі жоғарыдағы талаптар патша үкіметінің шығыс шекарасындағы мүдделеріне қарсы келмеді. Тіптен Хан ордасы мен шекаралық аймақта бекініс салу Ресей үшін хандық бодандықты нығайтуға тиімді еді. ХVІІІ ғасырдың 30- жылдары Кіші жүзді өзіне тəуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын тереңдете бастады. Оның барысында елдің шаруашылығы күйзеліске ұшырап, саяси жағдайлар шиеленісе түсті. Мұның барлығы Қазақстанның əр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі.
66. Абылай ханның сыртқы саясаты мен дипломатиясы.
Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп дамуын қолдамаса да, 1778 жылы 24 мамырда Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай ант қабылдаудың және патшаның сенім грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты. Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді. Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Бірақ бұл ретте Ресейдің ықпалды әскери көмегі бола ма деген үміті ақталмады. Жоңғарлар Цинь империясымен бейбіт келісім жасағаннан кейін барлық күшін батысқа қарай бұрды. Сөйтіп 1741 жылы қазақтарға қарсы тағы бір ірі жорыққа шықты. Тұтқиылдан баса-көктеп кірген жоңғарларға Абылай тұтқынға түсіп қалады. Абылайды тұтқыннан босатып алудың сәті Жоңғар мемлекетімен бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана түсті
. Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді. Ресейдің қол астына сырт көзге ғана формальды түрде қарап, 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады. Бұл шара оған Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық әрекеттерін тоқтатуға, сонымен қатар Қытай тарапынан туындайтын қауіпке жол бермеуге мүмкіндік берді. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес.
67. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері XVIII ғасырдыңаяғында.
1730-1770 жылдары қазақ билеушілерініңедәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстандыөз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да ауыр жағдайын солтүстік-батыстан — башқұрттар мен Еділ қалмақтары, солтүстіктен — Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан және Хиуа хандықтарытарапынан төнген қауіп күрделендіре түсті. XVIII ғасырдың 40—60-жылдарында оңтүстік шекаралардағы жайылымдар үшін қарақалпақтар, түрікмендермен қақтығыстар да күшейе бастаған еді.
Қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жерлер үшін торғауыт қалмақтарыменқарым-қатынасы нашарлай берді. Халықтарды бір-біріне айдап салу мақсатында патша үкіметі «ішкі жаққа» өткен қазақтарды тұтқындауға бұйрық берді. Осының бәрі Нұралы хандығында қысқы жайылымдар үшін жер тапшылығы дағдарысын туғызды.
Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батыс өңіріндегі құнарлы да шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі қазақтардың дәстүрлі жайылымдық жерлерін мейлінше тарылтты. Жайық бойын қуалай тұрғызылған бекіністер тізбегі — Ор шебіқазақтар тарапынан қарсылық тудырмай қоймады. Ор өзенінен әрі жалғасқан Сібір, Ащы шебі Ертіс шебімен қосылды. Ал бекіністерге қоныстандырылған орыс-қазақтар мен жерсіз орыс шаруаларының жергілікті қазақтардың жеріне көз салуы патша үкіметі езгісіне қарсы наразылықтың өрістеуіне негіз болды.
68. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясыныңқұрамына кіруі.
Ұлы жүзруларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкенттөңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілекбілдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулие-атаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті. Ресейдің шығысқа қарай жылжуына оңтүстік Қазақстанның жерінде Қоқан өкіметі кедергі келтірді. Қоқанның одақтасы, Ресейдің шығыстағы басты қарсыласы – Англия болды. Қоқан өкіметі өзінің Пішкектегі, Меркедегі, Әулиеатадағы және Шымкенттегі аван-посттарын күшейту шараларын қарастыра бастады. Олар жазалаумен қорқытып шеттегі қазақтар мен қырғыздардың малдарын тартып алды, сауда керуендерінің жүруіне кедергі келтірді. Осы себептерден әбден үрейленіп қалған Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей қол астына өтуіне бастама болып саналды. Қазақтарға осы кезде Орта азия мемлекеттері мен Қоқан, Хиуа хандықтары жиі шабуылдар жасады. Аймақта біртұтас биліктің болмауы, ел басын біріктіретін, өз іштеріндегі алауыздықты тоқтататын, сонымен қоса сыртқы агрессияға төтеп беретін күш жоқ еді. Осылардың бәрі патша үкіметінің Қазақстанның Оңтүстік өлкесін отарлауға қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы кезеңде қазақтардың бір бөлігі Ресеге қосылуға әзір тұрса, екіншіден патша үкіметі де белсенді түрде іс-қимылдар жасауға кірісті. Онымен қатар қоқандықтардың елдің берекесін алған шабуылдары 1818- жылы Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметінен өздерін Ресей қол астына алуын өтінді. Сөйтіп,1819 – жылы патша үкіметі Сүйік сұлтанның өтінішін қанағаттандырды - 55500 қазақ патша үкіметі қол астына өтті. 1824 – жылы Ұлы жүздің 14 сұлтаны – Абылай немерелері мен Әділ төренің балалары басқарған 165 мыңға тарта ер адам Ресей қол астына өтті. Дегенмен, Ресей ұкіметі өздерінің ішкі жағдайларына орай Ұлы жүзбен байланыс жасауды тоқтату қажет болды. Себебі, (І-Александрдің өлімі, Сенат алаңындағы декабристер көтерілісі), сонымен қатар сыртқы проблемалары (1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғысы, 1828-1829 жылдардағы орыс-түрік соғысы, 1830-1831 жылдардағы поляк көтерілісі) империя құрамына Ұлы жүз қазақтарын қосып, алуды уақытша тоқтатты. Қазақ билеушілері өзінің саяси мүддесіне пайдаланды. Бұл тұтастай алғанда Оңтүстік Қазақстанның экономикалық саяси және халықаралық жағдайына әсер етті. Орталық Аиялық хандардың бағыныштылығында бола отырып Оңтүстік Қазақстан мен Жет ісу өлкесі, онда тұратын Ұлы жүз қазақтары Ресейдің шекаралық аудандарымен сауда және саяси байланысты ұстап тұрды. Осы аудандарға Ресейден келетін астық және өнеркәсіп тауарлары жылдам және ұлғая түсті. Бұл тайпалардың көшпелілері Ресейдің қосып алу қаупінен сескеніп Қоқан хандығының билігіне қарай ығысты. Орта және Ұлы жүздің қосылған аумағында Ақтау (1835 ж.), Алатау, Қапал (1846 ж.), Аягөз (1831 ж.), Лепсі бекіністері тұрғызылды. Бұл бекіністер Ресейдің Оңтүстік Қазақстанға қарай жылжуы үшін тірек пункттері қызметін атқарады, сонымен қоса басқа да бекіністер салынып, олар Ресейдің Іледен арғы өлкедегі тірек пункттеріне айналды.Ұлы жүз қазақтарын басқару жөніндегі нұсқауға сәйкес бұл өлке 1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымы қызметін белгіледі.
69. Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромныңреформасы. Кішіжүздегі хандық биліктіңжойылуы.