64. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттықкүресі. Бұланты, Аңырақайшайқасының тарихи маңызы



бет2/3
Дата12.12.2022
өлшемі40,43 Kb.
#56756
1   2   3
Игельстром реформасы [1] (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІқуаттаған жобасы.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. 
Бірақ ол 1824 жылы ғана жүзеге асырылды. Сол кездегі Кіші жүзді билеген беделді хандардың бірі Шерғазы Айшуақұлы болатын. Шерғазы Айшуақұлы – Кіші жүздің ханы (1812-24). Айлакер мәмлегерлік қабілетімен ерекшеленген. 1812 ж. І Александр патшаның шарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Кіші орда да Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығысқа қарай өңірде Ш. Хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі – Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманы. Әсіресе қолына хандық тиген Қаратай сұлтан Ш. мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасы сұлтан Медетғали Тұралиев шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтанды Ш. – қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К. Эссен осы шымтырық қайшылыққа араласып Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып патша І Николайдан қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жетпеді. Шекаралық комиссияның төрағасы В. Тимковский тартысқа көп араласпай, негізінде бейтарап саясат ұстанды. Ш. Хиуа хандығына арқа сүйемек болды.. Орынбор қазақтарын басқару жайлы жарғының қабылдануымен хандық осы өлкеде де жойылды. 1824 жылы мамыр айында Ш. хандықтан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды.
Шерғазы сөз жүзінде Орынбор шекара комиссиясында басқарушы атанғанымен іс жүзінде ел басқарудан мүлдем тайдырылды. Ендігі жерде елді үкімет орынары тағайындайтын сұлтандар басқарды.
70. Бөкейхандығының (ішкі орда) құрылуы: басқаружүйесініңерекшеліктері, шекарасы.
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды. Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды. Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті. Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі
«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.
Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.
Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі
Жәңгір хан және Пәтимә
1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.
Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысындаАстрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі менЖайық шекара шебіне барып тірелді.
Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.
Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.
Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар қазақтардың кең-байтақ қазақ даласына қайтып келуіне де рұқсат берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды.
1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.
Жәңгірдің билік басына келуі
Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконыңкітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді.
1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Обаіндетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады.
1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордадабасылып шығады.
1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді.
71. Көшпелі, дәстүрлі қазаққоғамныңәлеуметтік құрылымы..
XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді.
Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты.
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсатыоларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын.
Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкілдері жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгіленіп, құрылтайғақатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік тәбәрік ретінде үлестіріліп жіберілетін. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың салтанат құратынына ант беретін болған.
Хан билігі Кіші жүз бен Орта жүзде 1822—1824 жылдарға дейін жүргізіліп келді. Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада хан билігі 1845 жылы ғана жойылды. Ұлт-азаттық көтерілістері болған жылдарда қазақтар тарапынан хан билігін қайта орнатуды көксеген әрекеттер болып жатты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ хандары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауимешітінің кесенесіне жерленетін. XVIII ғасырдағы ең айбынды хандар: Тәукехан, Абылай хан және Әбілқайыр хан, ал XIX ғасырдағы ең күшті хан — Кенесары Қасымулы болды.
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандардеп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектерсаналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардыңтуыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. 
Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры II Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. Олар ерекше дипломатиялық қызметімен көзге түсті, бұрын тұтқынға түскен орыс азаматтарын және империяның қол астындағы халықтардың құл болып жүрген адамдарын Ресейге қайтарып беруге көмектесті. 
Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. 
XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазаққоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды
Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ.
72. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қазақ жеріндегі өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет