64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы


Ф.Ницщенің «Асқақ адам» тұжырымдамасы



бет61/85
Дата03.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#121487
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

47 Ф.Ницщенің «Асқақ адам» тұжырымдамасы
Фридрих Ницше әлемдегі ең танымал философ. Оның негізгі идеялары нигилизм рухымен және ғылым мен дүниетанымдағы қазіргі заманғы жағдайдың қатты сынымен қамтылған. Жас күнінен денсаулығының нашарлығынынан болар, ол кісі Асқақ адам деген адамның идеал түрн ойластырған болатын.
Асқақ адам идеясында Ницше христиандықтағы әлсіздерді күшті қылу және күштілерді әлсіз қылатын идеяны жоққа шығарады. Бұл діндегі идеяның жалғандығын айқын көрсету үшін адамның күшті жақтарын көрсетуге және оның қаншалықты идеал болу қажеттігі жайлы ой қозғаған. Барлық нормалар, идеалдар мен ережелерді теріске шығарып, өмірдегі көзбояушылықты жоюға тырысады.
Ницшенің тамаша адамы барлық нормалар мен ұстанымдарды бұзады, ол әлем мен басқа адамдарға билік жасайды, оған жалған сантименттер мен иллюзиялар жат. Бұл жоғары адамның антиподы "соңғы адам" болып табылады, ол стереотиптермен батыл күресудің орнына жайлы, жануар өмір сүрудің жолын таңдады. Ницшенің пікірінше, оған заманауи әлем осындай "соңғылармен" отырғызылған, сондықтан ол соғыстарда игілікті, тазарту және қайта құру мүмкіндігін көрді. Гитлер және фашизмнің идеологиялық негізі ретінде осы идея қабылданды. Бірақ философтың өзі бұл туралы ойлаған жоқ. Бұл жұмыс үшін Ницшенің аты КСРО-да үзілді-кесілді тыйым салынған болатын.
Ницше Асқақ адамды биіктікті көргенде кең тыныстап, қанатын жайғандай болады, бірақ сол биіктіктің әдемілігіне тамсанып, сол әдемілік қасында өзін соншалықты биік еместігін сезінеді деп сипаттаған.
Ф. Ницше асқақ адамның фундаменталды ережелері – ол адам өзнен жоғары нәрселер істеуі қажет деген.
Ницшенің пікірі бойынша асқақ адам осы өмірге келуінің негізгі кедергісі ол «уланған» адамдар деген. Уланған адамдар өлімнен кейін мәңгілік өмір бар деп сенеді және сол өмір үшін жердегі ғұмыр кешеді дейді. Адамның мендігінің әлсіз тұсы Құдайға және өлімнен кейінгі мәңгілік өмірге сенуі деп ұққан философ асқақ адам осы homo sapiens руының жауы болып қала береді деген.
Биік адам бұл философияда өз денесін өзі қалайды делінген. Яғни, ол денесін шындау арқылы Аппалонның денесін жасап, әлсіздерден жоғары тұрады деп есептелген. Ф. Ницше жоғары адамдар өмір сүргені және бар екендігі туралы жазған, бірақ ол сирек кездесетін жәйт деген, ал олардың өмір сүруі ереже болуы тиіс деп есептеген өзінің философиялық әлемінде философ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет