64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы



бет62/85
Дата03.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#121487
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

48 С.Кьеркегор философиясы.

Даттық философ Сёрен Кьеркегор (1813 - 1855) романтик философ болған. Оның өмірлік ізденістері – ол өмірдің мағынасын іздеу, адамды түсінуге арналған. Оның бірнеше шығармалары – «Немесе-немесе», «Өлімге деген ауру» және т.б. атаулары да философтың өмірлік позициясынан сыр шертеді. Содан болар бұл кісіні экзистенциализмнің алдын қалаушы деп атаған болар, себебі бұл ғылым бойынша адам абсурд әлемінде өмір сүреді және оның бар қолынан келетіні ол қиналу делінген.

Кьеркегордың негізгі идеялары:

а) адам ол қарама қайшылықтардың бір жерде түйісуі болып табылады

б) адам әрқашан таңдау жасау қажет ситуацияда тұрады

в) адам әрқашан қандай да бір таңдауда өз қалауымен жасай алады, бірақ оған ешкім ешқашан дәп сол таңдау жасау қажет болғандығы жайлы айтпайды

г) Христос – бар. Адам өмірінің мағынасы – ол ақыр соңында сенім жолына түсу, бірақ бұл жолға адам рационалды жолмен түсе алмайды. Сенім рыцарі болу үшін адам рухани секіру, яғни сенім секірісін жасау қажет

д) әр адам өмірінде осы жолға ұмтылады, бірақ екінің бірі бұл жолға түсе алмайды


Осы секірісті жасауға дайын адамдарды философ 3 типке бөлген:
Бірінші – эстетикалық тип. Ол сұлулыққа талпынады, ол сұлулыққа шексіздік символы ретінде талпынады, бірақ ол жолда күнделікті өмірде адасады. Ол сезім бақытынан бас тарта алмайды, содан сұлулық іздейді, таба алмайды, бірақ сол күншілдік өмірден жоғарыла алмайды. Сол себепті қиналады. Бұдан құтылу үшін одан әрі ізденеді де жабық циклда одан әрі қала береді.
Екінші – этикалық тип. Трагикалық қаһарман. Ол шексіздікке талпынады және сол үшін бәрінен бас тартуға дайын. Арманы үшін бәрін беруге дайын. Бірақ, соңғы моментте ойланып, жол таңдауға көшеді. Ол таңдау жасауда еркін және дәл осы қиналу сезімін береді. Ақыр соңында ол рационалды таңдау жасайды. Дәл осы таңдай оны трагикалық қаһарман қылады, себебі оған ешкім таңдауының бұрыс не дұрыс екенін айта алмайды.
Үшінші – діндік тип, сенім рыцары. Бұл тип сеніммен ғана өмір сүреді. Рационалды ойлау бұл тип үшін рөл ойнамайды. Ол ойға қонымсыз және абсурд іс қылады, бірақ сенім тұрғысынан бұл ойға қонымды деп саналады. Мысалы – Авраам туған ұлын мүлік етпестен құрбандық тасқа сүйреп, оны құдай атында өлтірмекші болған. Құдай не десе соны істейді. Бұл сенім секірісі деп аталады.
Ақыр соңында адам өз өмірінің мағынасы құдайда екенін түсінеді.
Кьеркегордың ойынша, сенім рыцарлары қазір жоқ, қазір көбінде этикалық типке жататын адамдар қалған және сол себепті олардың өмірі қиналу сезімдеріне толы деп есептеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет