64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы


) Қазақ фил тарихи қалыптасу кезеңдері



бет76/85
Дата03.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#121487
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85
Байланысты:
64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсізді-emir

65) Қазақ фил тарихи қалыптасу кезеңдері
Біздің заманымызға дейін Қазақстан жерінде тұрған тайпалар көктегі денелерінің қозғалысына мән беріп, заңдылықтар іздей бастаған. Сол денелердің, аспанның сырын ашуға тырысқан. Сол әлемнің жұмбақтарын ашу мақсатында өз көзқарасын, яғни алғаш философияны қалыптастырған. Қазақтардың дүниетанымын табиғатпен тығыз байланысты. Қазақ халқы табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуге талпынғанша, бейімделіп, гармония орнатуды мақсат еткен.Көшпенділер экология жағынан саналы болған деуге болады.
Көне философияда онтологиялық және гносеологиялық мәселелерден, адам мәселесі экзистенциялық тұрғыдан қаралып, көбірек көңіл бөлінді. Адам болмысының этикалық жақтарына көп көңіл бөлінген.
Дүниені жоқтан бұрын, Жаратқан жер, су, от, ауадан тудырды. Аспанды ежелгі түркілер Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған. Түркілердің нанымында әйел Құдай–Ұмай да болған.
ХV-ХVIII ғ.ғ. философия жыраулардың арқасында дамыды. Олардың ішінде Бұқар,Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамбердіжырауларды білеміз. Ел тарихында 19 ғасыр маңызы зор еді, қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деген атпен танылған. Негізінен, ең жарқын тұлға, Абайдың идеяларымен есте қалды.
Әдебиетте сыншыл реализмге негіз болған адам. Дүниетанымында Абай деизмге жақын еді, замандасы Алтынсарин да осы философиялық дүниетанымды ұстанған. Құдайды өзінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін дамып отыратын өлшемнің жаратушысы деді. Абай дарындылығымен, идеяларының тереңдігі, ұлтжандығымен танымал болды. Оның ойы, әлемге деген көзқарасы күрделі.
ХХғасырда Торайғыров, Байтұрсынов, Аймауытов, Жұмабаев, Бөкейханов, Дулатов сияқты зиялылар «Зар заман» дәуірі идеясын алға қойды. Еңбектерінде отаршыл саясат зардабынан құтылу, тәуелсіздікке жету, халықты ояту, ағарту мәселелерін шішуді мақсат көрді. Қуғын-сүргінге ұшырауымен, зиялы қауымының біртіндеп азаюымен Қазақстанның философия жолындағы тәуелсіздік, еркіндік идеялары да зардап шекті.
66-сұрақ 19-20 ғасырлардағы қазақ философиясы
Қайшылыққа толы ХХ ғасырдың қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше. Патша үкіметінің және кейіннен Кеңестік кезеңде түрлі езгіге ұшыраған халықтың ұлттық сана-сезімі оянып, тәуелсіздік пен еркіндікке деген іңкәрі оянды. Қазақ философиясыда басқа философиялар секілді Адам мен Әлем секілді екі дүниенің сырын ашуға ұмтылды. Аспан денелеріне қарап, оларды зерттеу арқылы оларға қарым-қатынасқа түсті. Жұлдыздарды өздерінің жол бағыттаушысы ретінде қолданып, түрлі наным-сенімдер жасады. Қазақ елі қашанда болмасын тәуелсіздікпен еркіндікке ұмтылған халық. Ал бұл 19-20 ғасырларда барынша көрінді. Осы кезеңде қазақ философиясына Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердіұлы және ұлы Абайдың қосқан үлестері орасан және қазіргі таңда сол кездегі философия осы кісілердің еңбектерімен дәріптеледі.
Ш.Уалиханов – ХІХ ғасырдың көрнекті тұлғасы, тарихшы, саяхаттаушы, қамшының сабындай қысқа өмірін өте мәнді өткізіп, қазақ халқының тарихында өз орны мен ізін қалдырды. «Сот реформасы жайлы», «Далалық жердегі мұсылмандық» секілді еңбектері қоғамды зерттеп, оның ішіндегі қарым-қатынас жолдарын талдап, мәселелерін зерттеген болатын. Шоқан саясат және құқықтық теорияларды жақсы білген және оның ойлауынша, саясат дегеніміз – ол билік және сол билікті орнату тәсілдері. Оның үстіне Шоқанның Құлжаға сапарының өзі неге тұрады? Бұл ерлікпен тең ғылыми саяхаты Еуропа халықтары тарапынан жоғары бағаланып, оның маңыздылығын көрсетті. Осы жұмысы арқылы ол халықтың дамуы үшін еркіндікпен білімнің аса қажет екендігін дәлелдеді.
Абаядың философиялық көзқарасы бойынша оның негізгі обьектісі адам болды. Ол Құдайдың бар екеніне күмән келтірмеді және адамның күнделікті өміріне араласпайды деп сенді. Ал адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекеті, оның жағдайы адамның тікелей өзіне, біліміне және қоршаған ортасына байланысты деп сенді. Оның ойынша таным адамның үзілмес бөлшегі, оның қажеттілігі деп атады. Адам айналасы, ортасы әрдайым даму және өзгеріс үстінде. Сондықтан да адам баласы әрдайым дамуға, өзгеруге, білім алуға ұмтылуы қажет. Бұл жолда ол өзіне және өзгеге кері әсер беретін қасиеттерден алшақ болып, барлығын адал және әділетті түрде жасауға шақырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы – 19 ғасырдың аяғында және 20 ғасырдың басында өмір сүрген Абайдың білімін, тәрбиесін өз көзімен бойына сіңірген, өзінің терең де рухани жан-жақты еңбектерімен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, ағартушы. Шәкәрімнің болмыс жайлы көзқарасына келетін болсақ, оны рационалдық діни философияға, нақтылай айтқанда деизмге жатқызамыз. Яғни, Құдайды Жаратушы ретінде мойындап, алайда табиғаттың әрі қарай өз заңдылықтары бойынша өмір сүре беретіне сенетінін айтамыз. Бұған оның еңбектері және өлең жолдарында көзқарасы арқылы түсінуге болады. Жан мен тәннің бір-бірмен тығыз байланысты екенін атап өтіп, екеуінің бір-бірінсіз өмір сүрмейтініне сенімділік білдірген.
Қорытындылай келе, қазақ философияның қайнар көздері осы кісілердің еңбектері, олардың халыққа деген ағартушылық жұмыстарында жатыр. Білім мен адалдық әрдайым адамды жоғарыға жетелейтіні, 19 ғасыр философтарының ойлары 20 ғасырда өз жалғасын тауып, зиялы қауым өкілдерінің пайда болуына алғышарт жасады десек болады. Сондықтан, қазақ халқы үшін соңғы ғасырлар еркіндікпен бостандық барысында өзіндік қазақ атауын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытумен өз тәуелсіздігіне ұмтылыс барысында өздегеніне жетуі деп қорытындыласақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет