64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным



бет84/99
Дата10.05.2022
өлшемі244,65 Kb.
#33920
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
Байланысты:
Философия сессия2

60. К.Поппер «Ашық қоғам»

Ашық қоғам –мемлекеттің ішкі жүйелерін білдіретін ұғым. Яғни оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, және мәдени деңгейін айқындайды.

Ашық және жабық қоғам деген ұғымдар кезінде ағылшын философы К. Поппер енгізген. Ол бұл ұғымды қоғамдардың тарихи-мәдени, саяси жүйелерін зерделеп, айқындау мақсатында қолданған.

Ашық қоғам –Поппердің "Ашық қоғам және оның жаулары" кітабында белсенді пайдаланылған ұғым. Поппер "тарихнаманы ""жабық" қоғамды қорғаудың тағы бір құралы ретінде қарастырды. Поппер бойынша "жабық " қоғам авторитарлық белгіленген өзгермейтін нормалар негізінде ұйымдастырылған қоғам болып табылады.

Оған қарама-қайшы, ашық қоғам адамның ақыл-ойының жоғары және жетілген сыни әлеуетіне негізделген. Ол индивидтердің де, сондай-ақ әлеуметтік топтардың да, оның проблемаларын шешу мақсатында қоғамды үздіксіз реформалауға бағытталған интеллектуалдық еркіндігіне және басқа мұраттарға ынталандыратын қоғам болып табылады.

Поппер кейіннен ашық қоғамның екі басты сипаттамасын көрсетті:

кез келген әлеуметтік мәселелерді еркін талқылаудың заңдылығы, және қоғамдық пікірталастардың саясатқа әсер ете алуы;

"пайда іздемейтіндер" еркіндігіне жәрдемдесетін институттардың болуы деп айқындады.

Попперге сәйкес ашық қоғам-шындық пен идеалдықтың көрінісі. Поппер бойынша демократия нақты ашық қоғамға жол көрсетеді. Поппердің пікірінше, тек демократия мен ашық қоғам жағдайында көптеген зардаптарды алдын алуға нақты мүмкіндік береді.

Поппер өркениет әрдайым жабық жүйеге ұмтылатынын және сөйтіп дамуды жүзеге асыратынын көрсетті. Бұл қоғам ашық жүйеге ұмтылып қана қоймай, сонымен қатар жылдам ыңғайланып, адаптацияланып, демократияшыл қоғам болып табылады деген болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет