64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным



бет85/99
Дата10.05.2022
өлшемі244,65 Kb.
#33920
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99
Байланысты:
Философия сессия2

61. Қоғамның түрлері.

Адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі-қоғам деп аталады. Қоғамды бірнеше типтерге бөлуге болады. Типтерге жіктеу елдегі өндірісжағдайына, техникалық даму деңгейіне, елдегі үстем дін мен тілге және саясатына байланысты әртүрлі болып келеді.

Қазіргі кезде қоғамды ең негізгі үш типке бөледі: Олар дәстүрлі, индустриалды және қарапайым.


  • Қарапайым қоғам деген рулық-тайпалық қатынастарға, тайпалық қатынастарға және табиғи шаруашылық формасына негізделген қоғам. Бұл қоғам түрінде еңбек жыныс пен жас ерекшелігіне байланысты бөлінеді, көшпелі өмір сүріп, білімді келесі ұрпаққа көрсету арқылы немесе ауызекі сөйлеумен айтып жеткізіп, үйретеді.

  • Дәстүрлі қоғам экономиканың дәстүрлі түрімен сипатталады. Экономиканың аграрлық секторының жетекші рөлі, өндірістің негізгі факторы және құндылығы – жер болып табылады. Экономика экстенсивті дамуда. Экстенсивті даму жолы-өндіріс құралдары мен өндірілетін өнім санының артуы есебінен өндірісті өсіру. Барлық жерде табиғи шаруашылық және қарапайым тауар өндірісі, қол еңбегі кең таралған. Бұл қоғам түрінде, сонымен қатар, ғылым мен білім кең өріс алады.

  • Индустриалдық қоғам экономиканың нарықтық немесе командалық түрімен сипатталады. Жеке меншікті дамыту негізінде өнеркәсіптік өндіріс басым болып келеді. Өндірістің негізгі факторы және басты құндылығы – капитал болып табылады. Ал ғылым - тікелей өндірістік күш. Ғылыми идеялар өнеркәсіптік өндіріске енгізілуде.Бұл қоғамдық типте тиімді еңбек құралдары мен заттарын және еңбекті ұйымдастырудың анағұрлым жетілдірілген нысандарын қолдануға негізделген даму жүреді. Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру қолданысқа енген. Ұлт пен ұлттық сана қалыптасып, урбанизация процесі жүреді.

  • Постиндустриялық қоғам үшін экономиканың нарықтық немесе аралас түрі, қызмет көрсету және ақпараттық, зияткерлік өнімдер өндіру саласының басымдылығы тән. Өндірістің негізгі факторы - ақпарат. Өндірісті орталықсыздандыру және жалпы компьютерлендіру жүреді, машиналар әртүрлі міндеттерді орындайды. Генетика, электроникажәне т.б. жетістіктеріне сүйенетін әртүрлі технологиялар ойлап табылып, кеңінен қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет