72-сұрақ Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары
Христиан діні әлемдегі ең ірі үш діннің біріне жатады. Христиандықтың жақтаушылары мен аумақтарының саны бойынша ислам мен буддизмге қарағанда бірнеше есе артық. Діннің негізі - назареттік Иса Мәсіхті мойындау, оның қайта тірілуге деген сенімі және ілімдеріне сүйену.
Христиандық Палестина жерінде пайда болды, ол сол кезде (б.з.д. I ғ.) Рим империясының қол астында болған. Өзінің алғашқы жылдарында христиан діні басқа елдер мен этникалық топтарда едәуір тарала бастады. Мысалға,301 жылы христиан діні Ұлы Арменияның ресми мемлекеттік діні мәртебесін алды.
Жалпы,христиандық ілімнің пайда болуы Ескі өсиет иудаизмімен тікелей байланысты болды. Яһудилердің сенімі бойынша, Құдай өзінің ұлы-Мәсіхті жерге жіберуі керек еді, ол өзінің қанымен адамзатты күнәлардан тазартады. Христиандықтың догмасына сәйкес, Дәуіттің тікелей ұрпағы-Иса Мәсіх, ол жазбаларда да көрсетілген. Христиандықтың пайда болуы белгілі бір дәрежеде иудаизмнің бөлінуіне алып келді: алғашқы қабылдаушылар – еврейлер, бірақ яһудилердің едәуір бөлігі Исаны Мәсіх деп тани алмады, сондықтан иудаизмді тәуелсіз дін ретінде сақтап қалды.
Інжілге сәйкес (Жаңа өсиеттің ілімдері) Иса Мәсіх аспанға көтерілгеннен кейін, оның адал шәкірттері қасиетті жалынның түсуімен әртүрлі тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алды және христиан дінін әлемнің әртүрлі елдеріне таратуға көшті.
Христианшылдықтың шығыс немесе византиялық бөлігі болып православие табылады. Оның діндарларының саны 120 млн.-ға жетеді. Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінген соң православие Византия территориясында қалыптасып, өз алдына жеке шіркеу болып 1054 жылдан бері өмір сүреді. Қасиетті жазбалар, мысалға көне және жаңа өсиет кітаптары -православие ілімінің көзі болып табылады, сондай-ақ Қасиетті аңыздарда (әлемдік және жергілікті соборлардың шешімдері, «шіркеудің әкелері мен ұстаздары» еңбектері) баяндалған. Үш бейне – құдай-әке (көрінетін, сондай-ақ көрінбейтін де дүниені жаратқан – Савваоф), құдай-бала (Иисус Христос) және құдай- қасиетті рух (ол тек құдай-әкеден шығады)- православие ілімінің негізінде жатыр,сонымен қатар,тек қана жалғыз құдайды танып білуге болмайды деген түсінік жатады.
Католик діні христиандық бағыттардың ішіндегі ең көп таралғаны. 80-жылдардың ортасында католиктердің саны 800 млн. адам болған, ол шамамен планета халқының 18 % құрайды(Батыс баспасөздерінің мәліметтері бойынша).Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим папасының резиденциясы-Ватикан.
Протестантизм 16 ғасырда реформация кезеңінде пайда болды. Адамдардың капиталистік қоғамдағы өмір сүру жағдайының мистификациялық бейнеленуінің көрінісі- протестантизмнің ең басты ерекшелігі болып табылады.Лютераншылдық, кальвиншілдік және англиканшылдық- протестантизм пайда болғаннан бастап, үш бағыт бөлініп шыққан.Ең ірі протестанттық ағым лютераншылдық.Оның ықпалы Европаның Скандинавия елдерінде – Исландияда, Данияда, Швецияда, Норвегияда, Финляндия және Германияда, Солтүстік Америкада лютеран шіркеулерінде басым. Бразилияда лютеран шіркеуі мықты болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |