Химиялық байланыс Химиялық байланыс — молекуладағы атомдарды бір-біріне байланыстырып ұстап тұратын күш. Атомдардың өзара байланысуы көп жағдайда сыртқы электрон деңгейінің қатысуымен жүзеге асады. Химиялық байланыс түзу барысында атомдар өздерінің сыртқы электрондық қабатын аяқтауға тырысады. Ковалентті химиялық байланыста — әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Ковалентті химиялық байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.
Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз:
A) Na2SO4 B) HF
C) O2 D) CH4 E) NH3 2. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?
A) Иондық
B) Ковалентті
C) Сутектік
D) Металдық
3. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігі айқын айырмашылық бар элемент атомдары
B) электртерістігі бірдей
С) электртерістігінде айырмашылық аз.
4. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
A) NaF; CaF2 ; Na2SO4 B) N2, Na2S, HF
C) K2SO4, O2 D) Cl2; NaNO3; Fe
E) KCl;MgCl
№2 тест .Тұздар гидролизі
Тұздар мен су арасында жүретін реакциялар тұздар гидролизі деп аталады. грекше гидро су , лизис ыдырау.
Егер күшті қышқыл мен күшті негзіден түзілген тұздар гидролиздентейді орта бейтарап болады.
Егер күшті нгіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз гидролизденеді.
Егер күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұз гидролизденеді.
Егер әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз толық гидролизденеді. Тұздар толық реакцияға түседі.
1.Судағы ерітіндісінде
гидролизденетін тұз:
A) барий нитраты
B) алюминий нитраты
C) калий хлориді
D) калий бромиді
E) калий сульфаты
2.Лакмус көк түске боялатын
Ерітінді
A) FeSO4
B) MgSO4
C) AlCl3
D) Na2SO4
E) K2CO
3.Гидролизденбейтін тұздар
орналасқан қатар
A) NaNO3, K2S
B) KNO3, BaCl2
C) CuCl2, NaNO3
D) ZnCl2, KNO3
E) K2S, ZnCl2
4.Гидролизденгенде сілтілік орта
түзетін тұздар қатары: 1.Na2SO3;
2.FeCl2; 3.K2S; 4.Al2S3; 5.Ca3(PO4)2;
6.CrSO4; 7.LіCN
A) 2 4 6
B) 2 3 7
C) 1 4 6
D) 1 3 7
E) 3 5 7