64. Лақап аттар Т. Жанұзақов бойынша



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі52,14 Kb.
#143421
  1   2   3   4   5
Байланысты:
64-72


64. Лақап аттар Т.Жанұзақов бойынша:
Тілімізде ресми шын аттармен қатар, лақап аттар да бар. Ондай лақап аттардың тым ерте кездедерде-ақ қолданылғанын байқаймыз. V-VII ғасырларға тән түркі халықтарының жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін, Ал Туған Тутук, Яш Ак Баш, Ышбара тәрізді есімдер лақат аттар. Сол тәрізді халық ертегілеріндегі Тоңқылдақ, Шіңкілдек, Таусоғар, Желаяқ халық ойынан, шексіз қиялынан қойылған лақап аттар.
Лақап ат адамның дене бітім, пішін-тұлғасына және психологиялық ерекшелігіне сай, кейде істейтін кәсібіне лайықты қойылып отырады. Баланың сәби кезінде қойылған лақап аты оның есейіп, егде тартқан шағына дейін сақталуы мүмкін. Мәселен, Күлжамила деген адамның кішкене күнінде қойылған лақап аты- Балапан екен, ол осы атпен күні бүгінге дейін аталып кеткен, қазір ол адам 48 жаста.
Ахмет Қыздарбеков қазір 78 жаста. Ол бала кезіннен бер жамбастап басатын, ақсақ екен. Сондықтан оны халық «Төкір» деп атап кеткен. Жерлестері бұл адамды күні бүгінгі дейін сол лақап атпен атайды. Бірақ Төкірдің баласы Төкіров, яки Төкір ұлы түрінде жазылмайды, яки фамилия болып қалыптаспайды. Өйткені олар ресми паспорттық есімдер емес.
Баланың өңі қара болса, кішкене күнінен Қарабала, Қарақыз, Қаратай, ал көзі қара я көк болса – Қаракөз, Көккөз деп атап кету болған.
Лақап аттар халық ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған. Ертеректе кездесетін Алдар Көсе, Жиренше шешен, Асанқайғы, Аязби т.б лақап аттар.
Гордлевский «К личному ономастике у османцев» деген мақаласында лақап аттарды лексикалық мағынасына қарай 4 топқа бөлген:
1. Түрлі белгілеріне қарай: а) адамның бет-әлпет түріне, көзі, шашына байланысты. Мысалы: Қаракөз Айша, Қасқыркөз, Телқара, Сары Асан, Бұжыр Мақан, Алакөз т.б.
б) адамның жүрісі, тұлғасы, мүсініне байланысты: Жорға Жұмабай, Ұзын Ахмет, Қисық Әлтай, Қортық Сәмит т.б.
в) адамның дене-мүшесінің кемдігіне байланысты: Бүкір, Сақау Баймағамбет, Сойдақтіс, Кекеш т.б.
2. Мәнез-құлық, бейімділік әрекетке, ерекшелік қасиетке байланысты: Найзағай Асан, Қисық, Дарабоз
3. Негізгі кәсібі, қызиет бабына байланысты: Етікші Ахмет, Ұста Сұлтанбек, Саятшы Ораз
4. Әлеуметтік чки қоғамдық жағдайға байланысты лақап аттар. Мысалы: Күшікбай би, Алғазы сұлтан, Сағыр батыр, мырза Боранбай, т.б. Мүндай лақап аттар қазір жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет