67. Ай мен күнге табынудантуған есімдер Көне түркі заманында ай мен күнге табыну, табиғатты, аңды, құстарды ерекше күш ретінде санап, кейбір хайуандарды (бөрі, ит, бұқа) шыққан тегіміз деп тотем ету жайттары басым болған. Соның нәтижесінде мынадай есімдер шыққан: Айсұлу, Айжарық, Айқан, Айдай, Күнай, Айкүн, Таутай, Тайбай, Көлбай, Көлтай
68. Кісі есімдерінің мағынасын танудағы әлеуметтік өре мәселесі Кісі есімдерінің мағынасын анықтау мәселесіне келсек, әлеуметік қызметі тұрғысынан қаруымызға тура келеді. Бұл турасында белгілі ономаст ғалым Т.Жанұзақов былай дейді: «Жалқы есімдердің әлеуметтік өресін зертеушілердің пікірінше, әрбір әлеуметтік өре көптеген дараның басын біріктіріп, әлеуметтік, кәсіптік т.б. уақыт мезгіл бірлігін анықтап тұруы керек. Жалқы есімдердің мағыналары көп қатпарлы болғандықтан, есімнің бірнеше әлеуметтік өреге ие болуы заңды құбылыс екенін көреміз. Айтан Ағмановтың отбасындағы әлеуметік өресі – үй иесі, әке, ұл, аға, күйеу, жезде, өзінің ғылыми-зерттеу институтындағы әлеуметтік өресі – филология ғылымдарының докторы, бірнеше кітаптың авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, спорт бойынша әлеуметтік өресі – шахматшы, шаңғышы. Бұған қарағанда кісі аттарының төтенше мағынасы әрі қоғамдық мағынасының бар екені байқалады» [3. 60].
Қарапайым сөз дыбыстық тұлға мен мағына (екеуінің) арасындағы байланыстан тұрса, сол сөз кісі есімдеріне айналғанда дыбыстық тұлға, оның антропонимдік мағынасы (төтенше және қоғамдық мағыналары) және адам үшеуінің өзара қатынасын қамтиды.
69. Антропонимияның өзге ғылым салаларымен байланысы Антропонимия, жеке есімдер туралы ғылым, ғылымның басқа салаларымен тығыз байланысты, мысалы:
Тарих. Антропонимияны халықтар мен мәдениеттердің тарихын зерттеу үшін қолдануға болады. Мысалы, есімдерді зерттеу уақыт өте келе әлеуметтік және мәдени нормалардың қалай өзгергенін түсінуге көмектеседі.
Тіл білімі. Антропонимия лингвистиканың бөлігі болып табылады, өйткені ол сөздердің құрылымы мен мағынасын зерттейді. Мысалы, есімдерді зерттеу сөздердің қалай қалыптасатынын және олардың тілде қалай қолданылатынын түсінуге көмектеседі.
Әлеуметтану. Антропонимияны әлеуметтік қатынастарды зерттеу үшін қолдануға болады. Мысалы, есімдерді зерттеу бізге атаулардың белгілі бір топқа жататын әлеуметтік мәртебеге сілтеме жасау үшін қалай қолданылатынын түсінуге көмектеседі.
Психология. Антропонимияны адам психологиясын зерттеу үшін қолдануға болады. Мысалы, есімдерді зерттеу есімдердің басқа адамдар туралы түсінігімізге қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Антропонимия-бұл адамзат қоғамының әртүрлі аспектілерін түсіну үшін маңызды пәнаралық ғылым.