Оқытылатын курс бағдарламасы І тарау. Логикалық есептер (5 сағ) Сиқырлы шаршылар ,келесі қандай сан ? адамның жасын есептеуге берілген есептер
таразыға тартып анықтау,өткелге есептер
ІІ тарау. Пропорция және пайыз (10 сағ) Пайызға есептер ,Пропорцияға арналған есептер
Күрделі пайызға есептер , концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер , пайызға және шамаларды салыстыруға берілген есептер .
ІІІ тарау.Мәтінді есептер (6 сағ) .Қозғалысқа берілген есептер , сандарға ,бөлшекке ,екі таңбалы санға берілген есептер , бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер
IV тарау .Комбинаторика есептері және ықтималдық (8 сағ) Элементар оқиғалар кеңістігі ,оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері , геометриялық ықтималдық , комбинаторика формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуге қолдану
V тарау. Күнтізбелік есептер (5 сағ) .Күнтізбелік есептер ,есептерді граф арқылы шешу
Курстың мақсаттары: “Математикалық сауаттылық» тақырыбы арқылы әлем құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының дамуы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.
Курс міндеттері:
«Математикалық сауаттылық» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
Әртүрлі әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың есеп шығаруда практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді: Дүниетанудағы математиканың ролі, математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады.
Есеп шығарудың әртүрлі әдіс –тәсілдері, негізгі алгоритмдері туралы білім алады.
Білуі керек:
– әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға;
– қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды;
– пікірталасқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін көре білуге ;
– есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды;
– нәтижесін график арқылы көрсетуді.