68 мибб кешенінің математика пәні мұғалімдері Акбаева Замзагул Темировна, Божбанова Алмагуль Балапановна Түсінік хат «Математикалық сауаттылық»



бет2/6
Дата12.02.2023
өлшемі60,2 Kb.
#67259
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
matematikaly-sauattyly-oldanbaly-kurs

Математикалық сауаттылық
- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;
- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;
- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен) сипатталады:
- білу (еске түсіру);
- қолдану (байланыстарды орнату);
- ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.
Сондықтан бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Курс ҰБТ-ке даярлық негізінде құрылған. Тест есептерінде ең жиі кездесетін математикалық сауаттылықа арналған есептер.. Себебі көптеген құбылыстар математикалық сауаттылық арқылы сипатталады. Мәтінді есептер ,қозғалысқа байланысты есептер,комбинаторика және ықтималдыққа берілген есептер осы математикалық сауаттылыққа байланысты беріледі .Сәйкестендіру мен салыстырулар ,диаграмма ,график және кестелер арқылы берілген есептер әр түрлі жолмен шешуді талап етеді. Геометрия мен физика пәндерінде бұл білік қажет болады.
Дәстүрлі емес жағдайларда алған білімдерін қолдана білуге, өмірлік жоспарларын іске асыруда жоғары сынып оқушыларының білім алуында «Математикалық сауаттылық » маңызды орын алады.
Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта мектептері түлектеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отырып, математика негізгі пән болып келетін ҰБТ есептерін шығаруға дайындық болып табылады.
Кәсіптік курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны , оқуды ұйымдастыру, практикалық сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін , білім алу жолындағы көзқарасын бағалай білуге және оған жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады.
Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой-өрістерін мазмұнын дамытады., жаратылыстану-математикалық циклына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі.
Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.
«Математикалық сауаттылық » курсы тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы теңдеулер және теңсіздіктер түрлерін қамтиды. Берілген курста «Математикалық сауаттылық » бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, кіріспе ретінде әр түрлі өрнектерге түрлендірулер, формулалар қарастырылады.
Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет