69 Бөлім бойынша орта және қысқа мерзімді жоспар? Жауабы: Орта мерзімді жоспар



бет2/3
Дата12.06.2022
өлшемі16,73 Kb.
#36717
түріСабақ
1   2   3
Қысқа мерзімді жоспар: Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:
оқушының қатесін табу үшін есес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;
оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.
Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы
керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін
анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа
алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу қажет;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- рта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет