1-тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдісі Оқулықтағы мәтінді топта бөліп оқып, талқылауды ұсынады. Бейнекөрсетілімде көрген ақпараттарын қолдануды ұсынады. Қосымша топтарға суреттер ұсынады.
2-тапсырма «Сәйкестендір» әдісі Оқушыларға берліген суреттерден қоректік тізбекті құрастыру ұсынылады
3-тапсырма «Кел жұптасайық» әдісі 1.Берілген тапсырма бойынша әрбір жұптаса отырып орындайды Экологиялық пирамида ережесін қолдана отырып, тышқанмен қоректенетін 15 кг-дық салмақтағы үкінің өмір сүруі үшін қажетті емен жаңғағының салмағын есептеңіз.
2.Берілген мәліметтер бойынша көлдің қыстық және көктемдік биомасса пирамидасын жасаңыз.
3.Өсімдіктерге зиянды ірі қоңыздармен қоректенетін, салмағы 50 г (қызыл кітапқа енген) бір ымырт жарқанаты шамамен қанша өсімдік биомассасын сақтап қалады
1-тапсырма «Бірге ойлаймыз» әдісі 1-топ Қоректік тізбектегі энергия ағымын сипаттап айтады, тізбекті суреттен қарап құраңыздар
2-топ Экологиялық пирамида түрлерін түсіндіріңіздер. Суреттегі А және В мысалын түсіндіріңіздер
3-топ Экожүйеде энергия тасымалдау тиімділігін суретті қолдана отырып ажыратыңыздар
2-тапсырма «Сәйкестендір» әдісі Оқушылар сабақтың мақсатын айқындау үшін берілген тапсырманы топта талқылайды